
Ағымдағы жылғы 17-18 наурыз аралығында ТМД елдерінің ІІМ-мен бірге «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, оның негізгі мақсаты мемлекетаралық және халықаралық іздестірудегі тұлғалардың жүргшен жерін анықтау және ұстау, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды және танылмаған мәйіттерді анықтау болып табылады.
Операция барысында іздестірудегі 273 қылмыскер анықталып, ұсталды, соның ішінде адам өлтіргендер – 6, денсаулыққа ауыр зиян келтірген – 5, қарақшылық шабуыл жасаған – 2, тонау жасаған – 8 қылмыскер іздеп табылды, соның ішінде:
- республикадан тыс жерлерде – 31 (Ресейде – 13, Қырғызстанда – 7, Өзбекстанда – 4, Түркияда – 3, Азербайжанда – 2, Тәжікстанда және Украинада 1-ден);
- Достастық мемлекеттері үшін – 100 (Ресей үшін - 74, Қырғызстан – 12, Өзбекстан – 9, Тәжікстан – 4 және Беларуссия – 1).
Бұдан басқа, 94 хабар-ошарсыз жоғалғандар, соның ішінде республикадан тыс жерлерде 2 (РФ аумағы мен Қырғызстанда 1-ден) анықталды.
Мәселен, Алматы қаласының Полиция департаментінде 2017 жылдың мамырынан бастап денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, жәбірленушінің өліміне әкелгені үшін іздеуде болған 36 жастағы іздестірудегі Өзбекстан Республикасының Кашкадарья облысында ұсталды.
Қаржы пирамидасын құру және басқару үшін іздестіруде болған үш айыпталушы Иркутск облысы мен Ресей Федерациясының Татарстан Республикасында ұсталған.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті 2016 жылдың ақпанында ірі көлемде алаяқтық үшін іздеуге жариялаған банктегі қызмет көрсету орталығының бұрынғы бөлім бастығы Бішкек қаласында ұсталды.
Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тәжікстан Республикасында адам өлтіргені үшін 2006 жылдың қыркүйегінен бастап іздестіруде болған Тәжікстан азаматын ұстады.
Қостанай облысында 36 жастағы Қазақстан азаматын ұсталды, ол екі адамды өлтіргені үшін 2020 жылғы қазанда Ресей Федерациясының Қорған облысы бойынша ІІМБ-де іздестіруге жарияланған.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 2000 жылдың наурызынан бастап Қырғыз Республикасының Шу облысы ПБ-да адам өлтіргені үшін іздеуде болған еліміздің азаматын азаматын ұстады.
Ақмола облысының полицейлері 2017 жылдың тамыз айынан бастап Ресейдің Свердлов облысы бойынша ЖОФКБ-де қасақана шабуыл жасағаны үшін іздеуде болған 33 жастағы ер адамды ұстады.