Моңғолдық есірткі полицейлері қазақстандық әріптестерінен үйренуге ниет білдірді

Моңғолдық есірткі полицейлері қазақстандық әріптестерінен үйренуге ниет білдірді

Қазақ-моңғол консулдық кеңес беру шеңберінде Қазақстан мен Моңғолияның есірткіге қарсы ведомстволары басшыларының кездесуі өтті.

Моңғолия Әділет және ішкі істер министрлінің Есірткіге қарсы департаментінің директоры Ж. Эрдэнэболд біздің еліміздегі есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау қызметіне жоғары баға берді. Есірткілердің заңсыз айналымы Моңғолия үшін салыстырмалы түрде жаңа проблема екенін атап өтті.

Елде есірткінарығы негізінен іргелес мемлекеттерден синтетикалықесіртікілерді жеткізуден, сондай-ақ пошта жөнелтілімдері арқылы қалыптасады, ол есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасаудың әлемдік тәжірибесін белсенді зерделеуді қажет етеді.

Қазақстандық есірткіге қарсы құрылымдардың есірткі бизнесіне қарсы күрестегі үлкен тәжірибесін ескере отырып, моңғол тарапы нормативтік-құқықтық, сол сияқты жедел сипаттағы ақпаратпен өзара алмасуды ұйымдастыруды, сондай-ақ Қазақстан Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында моңғолияның есірткімен күрес полицейлерін оқыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті