ІІМ-де Марат Қоғамовтың төрағалығымен ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысты ашқан Марат Қоғамов Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы ІІО-ын оңтайландыру және 9 бағыт бойынша бірқатар өзгерістерді іске асыруға септесетінін атап өтті. Жеке құрамды қысқартудан бөлек, қызметтерлердің әлеуметтік-құқықтық жағдайы жақсартылады, еңбекақыны көтермелеу және саралау, сондай-ақ полицияның тұрғындармен жұмысын жаңа форматқа көшіру қарастырылған.
Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасында қаралған іс-шараларды іске асыру барысы туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы баяндады.
Сонымен, жүргізілген жұмыстар аясында Түркістан облысы ПД-де 17 басшылық лауазым қысқартылды. Сержанттық құрамды офицерлік құрамға алмастыру кезең кезеңімен жүргізілуде.
Бұған қоса, Қайрат Дәлбеков айтып өткендей, штат санын қысқарту нәтижесінде үнемделген қаржы есебінен 1 шілдеден бастап полиция қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын көтеру жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, ІІО қызметкерлерінің тұрғын үй, соның ішінде, тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төлеу мәселесін шешу көзделуде.
Қоғамдық кеңестің төрағасы атап өткендей, ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күреске, соның ішінде тәртіптіп жауапкершілікті күшейтуге айырықша назар аударылуда.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығының айтуынша, тұрғындармен тікелей байланысты жұмыс жасайтын полиция қызметкерлерін өз міндетіне бейнетіркеуішсіз кірісуіне жол бермеу шаралары қабылдануда. Сондай-ақ, бейнетіркеуіш жазбасын өшіру, мәліметтер базасынан алып тастау мүмкіндіктеріне де тосқауыл қойылған.
– Қазіргі уақытта патрулдік полицияның саптық бөліністері 100% ықшам бейнетіркеуіштермен жабдықталған. оның үнемі қолданыста болуы қатаң қадағаланады, – деді департамент басшысы.
Отырыстың соңында ҚК төрағасы Марат Қоғамов кездесуге қатысушыларға ішкі істер министрі қол қойған Кеңес мүшесі куәлігін тапсырды. Сонымен бірге бірқатар бөліністердің басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі