
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыруи (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №892 бұйрығымен «Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қы змет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Түзетулерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің қағаз түріндегі баламасы қарастырылған, онда көрсетілетін қызметті алушы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгіну және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін электрондық форматта алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті алушылар азаматтық және қызметтік қару айналымы саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.