
Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының 6-тармағына сәйкес ағымдағы жылғы 4 желтоқсанда «Zoom» платформасында бейнеконференцбайланыс режимінде «Полиция департаменттерінің жанындағы консультативтік-кеңестік органдар қызметінің өзекті мәселелері: тәжірибе, проблемалар, шешімдер» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті.
Қоғамдық тыңдау жұмысына Қоғамдық кеңес төрағасы, Заң ғылымдарының докторы, профессор, М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ университетінің Қылмыстық сот төрелігі және ғылыми сараптама мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі Марат Қоғамов, полиция департаменттері жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, консультативтік-кеңесші органдардың төрағалары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес ІІМ кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Бейсеев сөз сөйледі, ол тыңдауға қатысушыларды консультативтік-кеңесші органдардың өңірлердегі жұмысымен таныстырды, пандемия мен карантиндік іс-шаралар өз түзетулерін енгізгенімен, бұл консультативтік-кеңесші органдар қызметінің нәтижелеріне әсер етпегенін атап өтті. Сондай-ақ, ол кейбір өңірлердің консультативтік-кеңесші органдарының оң тәжірибесін атап өтіп, олардың қызметін одан әрі жандандыру бойынша ұсыныстар енгізді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары полиция Департаменттері жанындағы консультативтік-кеңесші органдар төрағаларының баяндамалары тыңдалды.
Тыңдаудың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов консультативтік-кеңесші органдардың белгілі бір тәжірибе жинақтағанын, жұмыста оңды заңдылықтар қалыптасқанын атап өтті.
Сондай-ақ, тыңдауларға қатысушылардың назарын Мемлекет басшысының "Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" Жолдауын іске асыру бағытында азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының қолданыстағы арналарын трансформациялау және ішкі істер органдарының азаматтық қоғам институттарымен құқық-қорғау органдары қызметінің ашықтығын арттыру, азаматтардың олардың қызметіне деген сенім деңгейін арттыру бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасау бойынша Президент қойған міндеттер бөлігінде қызметті жандандыру қажеттігіне аударды.
ІІМ кадр саясаты департаменті