ІІМ есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтуде

ІІМ есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтуде

 

Қазір полицияның күш-жігері ұйымдасқан есірткі топтарының жолын кесуге және есірткі жеткізу арналарын жоюға бағытталған.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында ішінде 1750 қылмыс анықталды, оның ішінде 1082-сі сату фактісі. 22 тонна есірткі тәркіленді, оның ішінде 83 кг "синтетика". Есірткі сайттарының электрондық мекен-жайлары бар 3,5 мың граффити-жазбалар жойылды. Есірткіні жарнамалайтын және сататын 840 сайт бұғатталған.

- Синтетикалық есірткі өндіретін жеті ірі есірткі зертханасы жойылды, онда 40 кг-нан астам есірткі және 140 литр прекурсорлар алынды. Сондай-ақ, Министрлік бірқатар заңнамалық шараларды іске асырды. Үкімет қаулысымен есірткілер тізбесін бекіту нарықта пайда болатын жаңа түрлерге ден қоюдың жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді, – деп атап өтті Ішкі істер министрі.