ІІМ басшысы сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту және оларды қайта әлеуметтендіру туралы айтты

ІІМ басшысы сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту және оларды қайта әлеуметтендіру туралы айтты

 

Министр сотталғандарды ұстау жағдайы, сондай-ақ олардың құқықтық жағдайы жақсарып келе жатқанын атап өтті:

– сотқа, прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарға олардың өтініштерін электрондық түрде беру үшін – мекемелерде 48 арнайы терминал орнатылғанын;

- әлеуметтік байланыстарды қолдау үшін туыстарымен бейне байланыстар ұйымдастырылғанын айтты.

Сотталғандарға 550 мың телефон арқылы сөйлесу, 27 мың бейне байланыс, 6,7 мың бейне кездесу берілді. Жұмыспен қамту мәселесі жүзеге асырылуда.

Қазір бұл салаға сотталғандардың 49% - ы тартылған. Тігін өндірісі, металл-ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын дайындау игерілді. Сотталғандар жаңа мамандықтарды меңгеруде. Бұл олардың қоғамға бейімделуіне көмектеседі. Колонияларда және полиция бөлімдерінде жаппай бейнебақылау енгізілуде.

"Қазір 26 мың бейнекамера бар, тағы 43 мыңнан астам қажет. Бұл жұмысты ІІМ екі жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отыр", - деді министр Ерлан Тұрғымбаев.