
4 қараша күні сағ.11:00-де онлайн-көрсетілім форматында брифинг өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрі Е.З. Тұрғымбаевтың қатысуымен Мемлекет басшысының “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру барысы және ішкі істер органдарының ағымдағы жылдың тоғыз айындағы қызметінің қорытындылары туралы брифинг өтеді.