Ерлан Тұрғымбаев ТЖМ-ді Құтқарушылар күнімен құттықтады

Ерлан Тұрғымбаев ТЖМ-ді Құтқарушылар күнімен құттықтады

 

Құрметті Юрий Викторович!

Ішкі істер министрлігі басшылығының және жеке өз атымнан Сізді, азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы мен ардагерлерін кәсіби мерекелері – Құтқарушылар күнімен құттықтаймын!

Құтқарушы мамандығы – өте жауапты мамандық, оның басты міндеті – адам өмірін құтқару.

Бүгінде, коронавирустық инфекцияның дүниежүзілік пандемиясы жағдайында, Төтенше жағдайлар министрлігіне елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша үлкен міндеттер жүктеліп отыр.

Осы айтулы күні Сізге және барлық жеке құрамға мықты денсаулық, отбасыларына амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!