
Алматы облысында 302 полицей құқық қорғау органдарының деректер базасын қалыптастыру бойынша онлайн сабаққа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есепке алу-тіркеу тәртібін нығайту мақсатында Алматы облысы Полиция департаментінде инспекторлармен, анықтаушылармен және тергеушілермен онлайн режимде семинар сабақтар ұйымдастырылып өткізілді.
Сабаққа Алматы облысы бойынша Штаб басқармасының, Тергеу басқармасының, Анықтау басқармасының, Әкімшілік полиция басқармасының, Құжаттандыру бөлімінің және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика басқармасының қызметкерлері белсенді түрде қатысты.
Сабақта тыңдаушылар азаматтардың өтініштері, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарының деректер базасына статистикалық карточкаларды енгізу тәртібін егжей-тегжейлі зерделеді. Жұмыс барысында туындайтын мәселелер де талқыланды.