Қызылордалық полицейлер үш күн ішінде жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 179 дерегін анықтады

Қызылордалық полицейлер үш күн ішінде жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 179 дерегін анықтады

 

Қызылордада үш күнде жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 179 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық) азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында биылғы жылдың қазан айының 7-9 күндері аралығында Департаменттің жеке құрамы күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, “Заңсыз жолаушы тасымалдаушы” жедел – профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 179 дерегі тіркелді.

Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 463 – бабымен тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырудың -12, ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы бойынша лицензиялау нормаларын бұзудың – 2, ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабымен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың – 151, ҚР ӘҚБтК-нің 590.8-бабымен жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат берудің 14 дерегі анықталды.