Қарағанды академиясында Полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары болашақ қызметкерлермен тәжірибе алмасты

Қарағанды академиясында Полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары болашақ қызметкерлермен тәжірибе алмасты
23-25 қыркүйек аралығында Қарағанды академиясы тергеу желісіне жетекшілік ететін ПД бастықтарының орынбасарлары үшін оқу жиыны алаңына айналды.
 
Іс – шараның негізгі арқауы – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы - "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" және құқық қорғау және сот жүйелерін алдағы уақытта қайта құру.
 
Академия бастығы А.Дәрменов кіріспе сөзінде Жолдау аясында Қарағанды академиясының басым міндеттері:
-жоғары кәсіби кадрларды, жаңа форматтағы полиция қызметкерлерін даярлау;
-құқық қорғау органдарын реформалау жөніндегі бастамалар шеңберінде жұмыс қызметтегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау болып табылатынын атап өтті.
 
Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы С.Әділов арнайы қонақ болды. Өз сөзінде С.Әділов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері және Ұлттық заңнамадағы өзгерістер, полиция қызметінің сервистік моделіне толық көшу және полицияның азаматтардың сұраныстарына бағдарлануы, сондай-ақ қылмыстық процесті тепе-тең үш буынды модельге қайта құруға назар аударды.  
 
Сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдер мен әрекеттерді электронды енгізу және олардың заңдылығының сақталуын қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәжірибесімен бөлісті.
 
Полиция, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерін нақты бөле отырып, үш буынды модельге көшу тақырыбын Қарағанды облысының ПД бастығы Е.Файзуллин, сондай-ақ Қарағанды облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі М.Сексембаев белгіледі.
 
Бұл оқу жиынның ерекшелігі жиналған Полиция департаменттері бастықтарының орынбасарларымен тәжірибе алмасу және болашақ қызметкерлерге беру болды. Осы сессиялар шеңберінде резонанстық қылмыстық істерді, соның ішінде интернет алаяқтық, қаржы пирамидаларын құру, киберқылмыс және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу мәселелері қозғалды. Бірнеше күн бойы Академия курсанттары тәжірибелі тергеу қызметкерлерінен тәжірибе мен кәсіби шеберлік элементтерін алды.
Алда шараға қатысушылар үшін тағы бір қызықты оқу күні және біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өткені туралы сертификаттарды салтанатты тапсыру рәсімі өтеді.

Біз мұндай оқыту форматы жаңа білімді алып қана қоймай, тергеушілердің болашақ ізбасарларымен тәжірибе алмасуы үшін проблемаларды, бастамаларды, жаңашыл шешімдерді талқылау негізінде диалог алаңы ретінде әрекет етеді деп санаймыз.