Курсанттардан ІІМ басшылығына дейін алғаш рет полициядағы қызметтің жаңа жағдайдағы көрінісі талқыланды

Курсанттардан ІІМ басшылығына дейін алғаш рет полициядағы қызметтің жаңа жағдайдағы көрінісі талқыланды

 

Курсанттардан ІІМ басшылығына дейін алғаш рет полициядағы қызметтің жаңа жағдайдағы көрінісі талқыланды. Өйткені, жаңа форматта жұмыс істеуді осы курсанттар бастайды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша Мемлекет басшысы Жолдауының ережелерін талқылау жаңа форматтағы полицияны қалыптастырудағы ведомстволық білімнің рөлі ескеріле отырып, ІІМ ведомстволық оқу орындарынан басталды. ІІМ Кадр саясаты департаменті мен штаб басшылығы Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі сарапшыларының қатысуымен М.Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясы курсанттарымен тренинг өткізді.

Министрлік Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен учаскелік инспекторлардың нәтижелі жұмысы үшін қадамдық алгоритм әзірледі, учаскелік полиция инспекторларына арналған Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) дайындады.

"Нұсқаулық учаскелік полиция инспекторларының іс-қимылдарының қадамдық алгоритмін айқындауды көздейді, бұл халыққа қызмет көрсету кезіндегі қателіктерді жоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындаудың біркелкілігі мен айқындығын қамтамасыз етеді", - деп атап өтті өз сөзінде ІІМ штабының орынбасары Алексей Милюк.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай Нұсқаулықтар заңнамадағы өзгерістерді және полиция жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіруді ескере отырып, кезең-кезеңімен өзектілігі артырылып отырады.

Осыған байланысты, ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен "жұртқа жақын полиция" қағидатын енгізуде басты тұлға болып табылатын учаскелік полиция инспекторлары және жергілікті полиция қызметінің басшы құрамы үшін учаскелік полиция инспекторының жұмысында Нұсқаулықты іс жүзінде қолдану бойынша тренингтер ұйымдастырылды.

 


Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі