ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Нарбаев Ерік Жетайұлы

НАРБАЕВ ЕРІК ЖЕТАЙҰЛЫ   

(1952-1979)

Нарбаев Ерік 1952 жылдың 3 ақпанында Целиноград облысы Краснознаменск ауданы  Жұлдыз совхозында дүниеге келген. 1974 жылы Алматыдағы арнай орта милиция мектебін бітіргеннен кейін Шымкент қаласына  жолдамамен келіп,  мемлекеттік автоинспекция  инспекторы қызметінен бастаған. Жас милиционер алғашқы күннен бастап қызметте өзін тиянақты, білімді және бойында зор адамгершілігі бар азамат ретінде таныта білді.

1979 жылдың күз айының  соңында милиция аға лейтенанты Нарбаев   60 жолаушы автобусын алып жүруге тапсырма алған. Шымкенттің  2 мыңдай жұмысшысы мақта жинаушыларға өнімді жинауға көмекке сенбілікке бара жатқан еді.    Автоколоннаны Ерік Нарбаев милиция көлігімен басқарып келе жатқан.

...Кенеттен бензовоз бұрылыстан шыға келіп, колоннаға қарсы сол жақ жолдан келіп қалған. Жылдамдығын бәсеңдетер емес.  Енді бір сәтте бензовоз автоколоннаға соқтығысыр еді. Аға лейтенант Нарбаев жылдамдықты басып, колоннадан оқтай атылып шығып, бензовоздың жолын кес-кестеген... Автобустағы адамдар да құтқарылды, бензовоздың ессіз жүргізушісі де еш жарақатсыз аман қалады.

Ерік өз жанын қиып, қызметтік борышын өтеу барысында осылай қаза тапты.  Батыл милиционер Темирлановка кентінде есімі аңызға айналған Қамжұқан батырдың жанында жерленді.

                                

Дата публикации
13 марта 2020
Дата обновления
13 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы