
Волошенко Роман Павлович
(1912 – 1947 ж.ж.)
Роман Павлович Волошенко 1912 жылы Курск облысының Журавка ауылында дүниеге келген. Он алты жасында Донбасстан кетіп, Никитов кокс және бензин зауытынна жұмысшы болып жұмысқа орналасты. 1932 жылдың күзінде ол Жұмысшы-шаруа қызыл сскерінде ерікті түрде қызмет атқарды 1936 жылғы демобилизациядан кейін Роман Павлович Амур темір жолының саяси бөліміне жіберілді, бір жылдан кейін темір жол полициясына жұмысқа ауысты. 1942 жылғы мамыр айында әскерге дайындалып, Қиыр Шығыс майданына жіберілді. Ол бір шайқаста ауыр жарақат алды. Соғыс жылдары шайқаста көрсеткен ерлік пен батылдық үшін Роман Павлович Қызыл Жұлдыз орденімен және «Жапонияға арналған Жеңіс үшін» медалімен наградталды.
1946 жылдың маусым айында демобилизациядан кейін Роман Волошенко Солтүстік Қазақстанға келіп, Омбы темір жолының Петропавл станциясындағы полиция бөлімшесінде жедел уәкіл қызметіне жұмысқа тұрды. Оны қызметтестері - оның тыңшылық және жедел-тергеу жұмысын жақсы білетін, бастамашыл, жасалған қылмыстарға тез әрекет ететін, орындаушылық қабілеті жоғары қызметкер ретінде білетін және осылай естерінде сақтаған.
Ол 1947 жылдың 4 қарашасында кешкісін қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша өзінің кезекті және соңғы кезекшілігіне шықты. Темір жол төсемін айналып өту кезінде қарақшылардан оқ атылды. Қарақшылар екі рет жарақаттанған полиция қызметкерін жауыздарша қорлады. Роман Волошенко атыс жарақаттары мен көптеген пышақ жарақаттарын алып, батыр ретінде жауынгерлік қызметте қылмыскерлердің қолынан қаза тапты.