

БОСТАЕВ ҚАПАР
(1925-60)
Жамбыл облысы Шу аудандық милиция бөлімінің милиционері, милиция старшинасы Капар Бостаев қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне өмірінің 18 жылын арнады. Соғыстың ауыр жылдарында ол Ішкі істер министрлігінің айдауылдау әскерлері құрамында болған, әскер қатарынан босаған соң – солдат шинелін милиция формасына ауыстырған. Қызметінде тәртіпті, батыл және орындаушылық қабілетімен, тапқырлығымен ерекшеленген милиционер К. Бостаев Шу аудандық милиция бөлімінде кейіннен үздік болып танылған бөлімшенің командирі болып тағайындалды.
1960 жылдың 31 тамызында кешкісін милиция старшинасы Қапар Бостаев қызметтен кейін үйіне қайтып келе жатқан болатын. Қарама-қарсы көшеде үлкен жылдамдықпен кабинасында үш жолаушысы бар ГАЗ-51 автокөлігі жүйткіп келе жатады. Милиционер оны тоқтатып, жүргізушіден құжаттарды талап етті, бірақ мас жүргізуші көлікті кенеттен оқыс айдап, старшинаны қағып, қашып кетуге тырысты. Қылмыскерлер ұсталды. Қапар Бостаев алған дене жарақатынан есін жимастан ауруханада көз жұмды.
Осылайша, милиция старшинасы Қапар Бостаев 36 жасында құқық бұзушының қолынан қаза тапты.