
Музей тарихы
1973 жылғы 17 ақпаннан бастап Алматы қаласында ІІМ КазССР Алқасы ІІМ-нің музейін құру туралы шешім қабылдаған кезден музейінің өзінің тарихын бастайды. Музейдің ресми ашылуы 1975 жылғы 7 қазанда өтті. 1990 жылы КСРО-ның Ішкіісмині жүйесіндегі үздік музейлердің бірі ретінде атап өтілді (113 музей ішінен) және «КСРО Мұражайлары» каталогына енгізілді.
ІІМ аппаратын Алматы қаласынан Акмола қаласына көшіруге байланыста, 2000 жылғы 26 сәуірдегі ҚР ІІМ-нің №234 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының және бөліністерінің мұражайлары туралы Ереже» бекітілді.
Солтүстік астанаға көшкеннен кейін ІІМ-нің музей үшін аумағы 219 шаршы метр үй-жай бөлінді.
Музей ішкі істер органдарының қалыптасуын және даму кезеңдерін көрсететін жеті залдан тұрады. Оның экспозициялары фотоқұжатты материалдардан, кітаптардан, қарулардан, төске тағатын таңбалардан, жеке тұлғалық заттардан, сувенирлерден және басқа заттардан тұрады.
Қазіргі Қазақстан полицейлердің тарихы халқымыздың тарихымен тікелей байланысты екені мінсіз. Кеңес милициясы халықпен бірге азаматтық соғыс майданында Кеңес билігі үшін, ұжымдасу кезеңінде кулак бандаларымен күресіп, ержүректілік танытты. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдары Кеңес милициясы халықаралық фашизмге қарсы күреске белсенді қатысты. Соғыс әрекеттері аяқталған соң олар қиратылған шаруашылықты қалпына келтіріп, еліміздегі тәртіпті қамтамасыз етті.
Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері халықтың конституциялық мүдделерін қорғау, Тәуелсіз Қазақстанның демократиялық жаңаруы жолында ат салысуда.
Ішкі істер органдарының тарихын Сіздер мұражайдағы көре аласыздар. Сіздер қазір мұражайдың Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатуға және ішкі істер органдарын құруға арналған бірінші залындасыздар.
Кеңес билігінің алғашқы айларында Кеңестердің бір қолдан басқарушылығын қамтамасыз етуде және тәртіпті сақтауда еңбекшілердің қаруланған құрамалары – Қызыл Гвардияның жасақтары маңызды рөл атқарды.
Милицияның бірінші жасақтары Қазақстанның аумағы мемлекеттік шеңбермен бөлінбеген кезеңде құрылды.
Милицияның бірыңғай орталық органы болған жоқ және оның Қазақстан аумағындағы барлық жасақтары РКФКР, одан кейін Түркістан өлкесінің құжаттарын басшылыққа алған.
Осындай құжаттардың бірі 1917 жылғы 28 қазандағы «Жұмысшы милиция туралы» қаулы болып табылады. Кеңестерге жұмысшы милицияны құру міндетін жүктей отыра, бұл қаулы қоғамдық тәртіпті сақтау органы – Кеңес милициясын құруды заңды түрде бекітті.
Кеңес милициясына еліміздегі қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру тәрізді маңызды да ауқымды функциялар жүктелді. Сонымен қатар алыпсатарлар мен маскүнемдікке қарсы қатаң күрес туралы қаулы қабылданды (1920 жылғы 2 сәуірдегі № 10 бұйрық).
Сіздердің алдарыңызда Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық комитетінің, сондай-ақ ХКК-нің (Халық комиссарлары кеңесі) бірінші төрағасы В.А. Радус-Зеньковичтің суреті.
С.М. Меңдішев – Бөкей даласында Кеңес Үкіметін ұйымдастырушылардың бірі, ҚАСРО ОАК-нің төрағасы.
Б. Қаратаев – Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитетінің мүшесі.
А. Әйтиев – Қазақ АСРО ішкі істерінің халық комиссары әрі алғашқы Конституцияны дайындау жөніндегі комиссияның төрағасы.
Б. Бокша – Қазақстан милициясын ұйымдастырушылардың бірі.
Д. Хангереев – Қырғыз Республикасы бас милициясының бастығы, Қазақстан ішкі істер алқасының мүшесі.
Қазақстанда алғашқы милиция ауыр жағдайларда қалыптасты, олар киіз үйлерде, жер үйлерде, барактарда тұрып, киім-кешектен, көлік пен қарудан тапшылық көрді.
Төменгі көрмеде шәркей ұсынылған. Олар ең тапшы материалдық ресурстар жағдайларында милиция қызметкерлерін қамтамасыз ету әлі де жақсартуды қажет ететін жылдарды еске түсіреді. Олардың көбісі сол кезеңде шәркей киген. Оларды өндіру үшін пима мен шәркейлерді өндіру жөнінде төтенше комиссия ұйымдастырылды. Милиционерлер қолдан жасалған қанжармен, пышақпен, сондай-ақ алынған қарумен қаруландырылған.
Бұрыш жақтағы көрмеге қарасаңыздар құлақшыны бар шапанды, шлемі бар шинельді және азаматтық соғыс уақытындағы наган-тапаншасын көресіздер.
Алдарыңызда тұрған стендте милиция қызметкерлерінің топпен түскен суреттері орналасқан.
Ауылды жерлерде милицияны жасақтау жалпы жиналыстарда жүзеге асырылған. Милицияға қызметке жұмысшылардың, шарулар мен солдаттардың ішінен ең саналы және сенімді адамдар қабылданған. Осындай адамдардың арасында И.Н. Михайлов, Ф.К. Юрасов, И.А. Свитнев, В.Я. Демин болған.
Осы кезеңдегі жұмысшы-шаруашылық милицияның маңызды бағыттарының бірі ақ казактардың бандаларына қарсы күрес болды.
1920 жылдың соңында Жаркенттің чекистері ерекше тапсырма алды, оларға атаман Дутовты өлтіру тапсырылды. 1920 жылғы ақпанда Дутов өлтірілді. Бұл операцияны Жаркент милициясының милиционерлері Чанышев пен Ходжемьяров орындады.
Ауыр кезеңде милицияға қызметке әйелдер қабылданғаны есте қаларлық жәйт. Сіздердің назарларыныңзға алғашқы милиция - әйелдер: Титова Глафира Петровнаның, Попкова Анна Макаровнаның және Клюшникова Зинаида Петровнаның суреттері ұсынылуда.
Төменде сол уақыттағы қылмыскерлерден алынған, сондай-ақ бандитизмге қарсы аяусыз күрескені үшін Дерновойға берілген қару ұсынылған.
1920 жылғы 26 тамызда «Қырғыз Автономды Кеңес Социалистік Республикасын құру туралы» декрет шықты, онда органдардың жүйесі айқындалып, осы кезеңнен бастап Қазақ АКСР Ішкі істер халықтық комиссариаты ұйымдастырылды.
Мұражай экспозицияларының келесі тарауы Қазақстандағы ІІХК-нің 30-шы жылдардағы қызметімен таныстырады.
Бұрыштағы көрмеде ІІХК-нің алғашқы қызметкерлері – Абузаров пен маузер Невзгодов-Лосевтің былғары күртешесі орналасқан.
Алдарыңызда 1925 жылы Қазақстан Ішкі істер халықтық комиссары лаузымына тағайындалған-Есқараев Сүлейменнің суреті.
3 желтоқсанда Кеңес Үкіметі барлық елді индустриялаудың ірі объектісінің бірі болып табылатын Түрксібті салу туралы қаулы қабылдады. Түрксіб қазақ халқының саяси, экономикалық және мәдени өмірін дамытуда маңызды рөл атқарды.
Назарларыңызға Түрксібті салуға ат салысқан белсенді құрылысшылар – Д. Күлбаевтің, М. Байәділовтің, Төлегеновтің және де басқалардың суреттері ұсынылады.
Милицияның кадрын нығайтуда партиялық, кеңестік және комсомолдық органдар айтарлықтай көмек көрсетті. Олар ішкі істер органдарына өздерінің ең үздік қызметкерлерін жіберіп отырды.
Партия мен үкімет кеңес милициясының қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша тынымсыз жұмыс жүргізді.
Алдарыңызға милиция органдары толтырған хаттамалардың, қаулылардың, актілердің үлгілері және Жұмысшы-шаруашылық милиция туралы ереже, Жұмысшы-шаруашылық милиция бас басқармасы бұйрықтарының жиынтығы, сондай-ақ ІІХК белгісі ұсынылуда.
Бұл ретте назарларыңызды «Қалың малды жою туралы декларацияға» аударғым келеді, осы декларацияның арқасында қазақ әйелі өз тағдырын жеке шешу құқығына ие болды.
Қоғамдық тәртіпті нығайту ісінде милиция кадрына қатысты ұлттық саясатты жүргізуге ерекше көңіл бөлінді. Милицияның жеке құрамы арасында қазақ саны 1926 жылы - 47%, болса, 1930 жылы - 69% құрады.
Сонымен қатар Кеңес Үкіметі милиция қызметкерлерінің білім деңгейіне ерекше көңіл бөлді. Осыны ескере отырып, білім деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданды.
Алдарыңызда милиция кіші құрамының үш айлық қайта даярлау курстарынан алғаш өткен ІІХК қызметкерлерінің топпен түскен суреті.
Сонымен бірге Ішкі істер халықтық комиссариатының енбек сіңірген қызметкерлері – Қайырхановтың, Әділбековтің, Ощепковтің, Колпачевтің, Ерікбаевтың, Әбдухәкімовтің, Колбинның суреттерімен таныстырсам деймін.
1941 жылғы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламай, Кеңес Үкіметіне шабуыл жасады. Отанымызды қорғауға бірінші болып ат салысып, оны қорғауға күш-жігерін жұмсаған ішкі істер органдарының қызметкерлері болды.
Үшінші залдан Сіздерге осы туралы баяндап береді.
Соғыстың алғашқы кезеңінде Кеңес әскерлерінің Қызыл алаңдағы парады маңызды оқиға болды. Ол солдаттарды жаңа ерлікке рухтандырды. Олар парадтан Мәскеуді қорғауға соғысқа аттанды.
1942-43 жылдары біздің қызметкерлер Сталинградтағы ұрыстарға қатысты. Алдарыңыздағы суретте Сталинград шайқасына қатысушылар: Ж.К. Жұманбаетың, А.Т. Азаренконың, Х. Әбдірахмановтың, А. Ивановтың суреттері тұр.
Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы күрт өзгерісті сәт болып табылды. Кеңес Әскері қорғаныс әрекеттерінен шабуылға көшті.
Ұлы Отан соғысының жарқын және аңызға айналған сәттерінің бірі Ленинград блокадасы болды. Ол 900 күн және түнге созылды. Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев өзінің «Ленинградтық өркенім» атты одасын Ленинградты қорғаушыларға арнаған.
Сіздердің алдарыңызда Ленинградты қорғауға және оның блокадасын бұзуға ат салысқан ішкі істер органдары қызметкерлері: Елгелдиев Алтайдың, Довганюк Иван Григорьевичтің, Клепиков Анатолий Петровичтің суреттерін ұсынамыз.
1944 жылғы наурызда Кеңес Әскерлері бөлімдерінің жекелеген бөліністері мемлекеттік шекараға шығып, оны босату миссиясы басталды. Кеңес Әскелері Батыс Еуропаның елдерін босатып, фашистік басып алушылардың ұясы - Германияға жетуге ұмтылды.
Ш.К. Қабылбаев кадрлармен жұмысты өзінің қызметінде магистралды бағыт ретінде қараған, және 70-шы жылдары жедел қызметкерлердің көбісі жоғары және орта арнайы білімі бар екеніне сенімді айта алды, бұл милицияның жеткілікті мөлшерде заманауи жедел және криминалистикалық техникасы бар екенін көрсетеді.
Ш.К. Қабылбаев Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, Жауынгерлік Қызыл жұлдыз 2 орденімен, медальдармен, КСРО ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері белгісімен наградталған.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ішкі әскерлерінің даму тарихына арналған бөлімге ерекше назарды аударғым келеді. Фото-деректі материалдар және экспонаттар ішкі әскерлердің қандай жолдардан өткенін көрсетеді. 1995 жылғы 7 сәуірде Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ішкі әскерлердің жауынгерлеріне арналған «Ескерткіш бұрышы». Моджахеттердің теңсіз соғысында 17 сарбаз Отан алдындағы өздерінің әскери және азаматтық борышын орындай отырып, өз бастарын берген.
Келесі залдың экспозициялары Мемлекеттік автоинспекцияның даму тарихы туралы айтады; 1920 жылы 25 маусымда Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы «Мәскеу қаласы және оның шет жерлерінде авто қозғалыс туралы» декретке қол қойды. Бұл жас Кеңестік Республиканың бірінші жол қозғалысы ережесі болатын. Сіздердің алдарыңызда автомобильдік Инспекцияның құрылуына жол салған Декреттің көшірмесі. Осы жерде 1920 жылғы Верный қаласындағы инспекцияның кезекші машиналарын көре аласыздар; 1-ші автомоторланған жасақ Казжолтранс кезінде 1935 жылы қалыптасқан, ал 1936 жылы жұмысшы-шаруа милициясының жүйесіне берілген.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін белгілейтін «КСРО НКВД жұмысшы-шаруа милициясын бас басқаруы МАИ туралы ереже» 1936 жылы 3 шілде қабылданды (фото көрсету), ал қалаларда автокөліктің көбеюі көше қозғалысын реттеуді ұйымдастыруды қажет етті.
1937 жылы Калинин және Фурманов көшелерінің қиылысында бірінші МАИ бекеті орнатылды. Осы жерде бағдаршам орнатылды. Осы кезеңде республиканың НКВД жұмысшы-шаруа милициясының МАИ бастығы Гаврилов Иван Григорьевич ; 1939 жылы ол ҚАЗАКСР автокөліктік халық комиссарларының бірінші орынбасары, 1942 жылы КазКСР автокөліктік халық комиссары; Оның орынбасары Чумаков Петр Петрович болып табылады.
Жолдарда автомашина саны көбеюімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең ірі проблемалардың бірі болып қала берді. 1968 жылғы 27 ақпанда «Қалаларда және басқа тұрғылықты мекенжайларда және автомобилді жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін арттыру туралы» КазКСр-нің Министрлер Кеңесінің қаулысы шықты, ал сол жылдың 28 шілдесінде КазКСР Жоғарғы Кеңес Президиумының «Қалалардың, тұрғылықты мекенжайлардың көшелерінде және жолдарда ережені бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы» Жарлығы шықты.
Үкіметтің қаулысы мен Заңында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету - автошаруашылықтың және жол ұйымдарының басшыларынан, жолаушылар мен жаяу жүрушілерден, милиция органдары мен көлік жүргізушілерінен бағынышты кешенді проблемасы екені атап көрсетілген. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша республикалық комиссия құрылды.
1969 жылы КСРО ІІМ-нің №250 бұйрығына сәйкес мемлекеттік авто инспекция жүйесінде жол қозғалысы ұйымдастыру бойынша бөліністер құрылды.
1974 жылғы КСРО ІІМ-нің №63 бұйрығымен жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша бөліністер туралы ереже бекітілді. Бұл қызметтердің негізгі міндеттері: жол қозғалысы мен нысандарын жетілдірілуін зерделеу және оның әдістерін реттеу болып табылады.
Келесі стенд криминалистер-сарапшылардың жұмысын көрсетеді
1924 жылы Қылмыстық іздестіру орталығының жанында ғылыми-техникалық кіші бөлім – елдің бірінші криминалистикалық заңды мекеме қызметі құрылды. Оның функциясы болған қылмысты зерделеу және тәсілдерін жинақтау, қылмысқа қарсы күрес құралдарын ғылыми әзірлеме және қабылдаулардың жүйелеу, милицияның жедел қызметкерлеріне практикалық көмек көрсету. Алайда мамандар аз болды және кіші бөлім формальді түрде ғана болды. 1931 жылы қаңтарда ғылыми-техникалық сараптаманың кабинетінің базасында ғылыми-техникалық бөлімше құрылды.
1931 жылғы 10 қыркүйекте РСФСР Халық комиссарлар кеңесінің жанындағы жұмысшы-шаруа милициясының бас басқармасы «Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ғылыми-техникалық бөлімдердің міндеттері туралы» № 54 бұйрық шығарды. Бұл негізі милицияның криминалистикалық қызметін реттейтін және оның дербестігін белгілейтін бірінші заңды құжат болды. Одан әрі криминалистиканың дамуына қатысты көптеген бұйрықтар мен циркулярлар шығарылды.. Сіздердің алдарыңызда бұйрықтар мен циркулярлардың жиынтығы.
1931 жылы құрылған ғылыми-техникалық бөлімшелер өздерінің функциясы мен заңдылығын кеңейте отырып, өзінің қызметінің қажеттілігін дәлеледеді.
Дербес ғылыми-техникалық бөлімдердің құрылуы ғылыми-техникалық құралдарды және қылмысқа қарсы күрес әдістерін кеңінен пайдалануға, мамандарды тергеу істерін және жедел іс-шаралар жүргізуге тартуға, заттай дәлелдемелерге жүргізілетін зертханалық зерттеу сапасын арттыруға жол берді.
Фотода Сіздер ғылыми-техникалық бөлімнің қызметкерлері Т. Мұхаметжанов, Н. Шаяхметовты көріп отырсыздар.
Кеңес Одағы құлағаннан кейін, 1991 жылы Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алып, егемендігін мемлекет атанды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа Қаулылары мен Жарлықтары шықты. Елдің өмірінде осындай өзгерістер ІІМ жүйесінде де өзгерістерді қажет етті, бірқатар реформалар жүргізіліп, жаңа нысандар енгізілді. Бұрыштағы витринада қазіргі заманғы Қазақстан Республикасы полицейінің нысандағы киімін көріп отырсыздар.
1995 жылы Қазақстанның ішкі істер органдарының жүйесінде күрт өзгерстер кезеңі басталды. Осы қиын кезеңдерде Министрлікті басқаруды елдің мемлекеттің көрнекті ағартушысы Сүлейменов Қайырбек Шошанұлына тапсырылды, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде 2002 жылға дейін қызмет атқарды. Ол елдің құқық қорғау қызметінде жаңа реформалардың бастамашысы болды. Милиция полиция деп қайта атау алды, құқықтық статистика прокуратура органдарына берілді, ал сараптама қызметі Әділет министрлігіне берілді. Кадр жүйесінде де өзгерістер болды: ішкі істер органдарына бастапқы дайындықтан кейін алатын болды, басқа да бірқатар жаңалықтар болды.
1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшірілді, кейін Астана қаласы деп қайта атау алды; Министрліктің көшіп келуіне байланысты ІІМ басшылығының мойнына жауапты міндеттер қойылды. Қысқа мерзімде қызметкерлердің көптеген әлеуметтік-тұрмыстық, баспана проблемалары шешілді, ведомстволық ғимараттар, сондай-ақ «Алатау» спорт кешені, ЖБО салынып, пайдалануға.
Сіздердің алдарыңызда Ішкі істер министрлігінің 1999-2000 жылдарында болған негізгі оқиғалар:
--- 1999 жылғы 23 желтоқсанда ТМД-да бірінші және әлемде бесінші ІІМ Жедел басқару орталығының және Астана қаласының ІІБ-нің ашылу салтанаты. Қазақстан Республикасы ІІМ және Оңтүстік Кореяның «LG» компания арасында қол қойылған ЖБО жобаның бірінші кезеңі болды. Ашылу салтанатын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қасымжомарт Тоқаев өткізді.
--- 1999 жылы 4-5 маусымда Астана қаласында Достастық елдердің Ішкі істер министрлерінің кеңесі өтті;
--- «Саяси репрессия құрбандарына» мемориалға қатысу.
2000 жылы сәуірде жаңа астананы АҚШ делегациясы келді:
АҚШ-тың елшісі, Ричард Джонс, ФБР штабының бастығы Роберт Макнэм, терроризмге қарсы күрес жөніндегі ФБР директордың орынбасары Терри Терчи, заңды мәселелер бойынша атташе Деннис Косгроуф, АҚШ елшісінің 1-ші Хатшысы Адам Стерлинг;
--- Ішкі істер министрлігіне ФБР директоры Джо Фри келді,
1999 жылғы желтоқсанда ІІМ басшылығы ардагер-генералдармен кездесу ұйымдастырылды:
--- Қазақстан Республикасының Президенті ардагер-генералдарға «Астана» ескерткіш медальдарын тапсырғаннан кейін олармен кездесу өткізді.
Мәскеу делегациясының «Алатау» спорт кешеніне келуі.
Келесі витринада ішкі істер органдары қызметінің басымды бағытын көрсететін және басшылықтың қажеттілігін ұсынатын Қазақстан Республикасының номативтік құжаттары көрсетілген. Қазіргі кезеңде Қазақстан құқықтық мемлекет құруға тырысуда, осыған байланысты құқық қорғау жүйесінің маңыздылығы өсуде. Полицей кәсіби ісіне үлкен назар аударылуда.
Ішкі істер органдарының дамуында жарқын із қалдырған, КСРО ІІМ-нің Алматы орта арнайы мектебінің түлегі милиция генерал-майор Есболатов Мақан Есболатұлы, 1973 жылы Республиканың Ішкі істер министрі болып тағайындалған М.Е. Есболатов штабтар, профилактикалық қызметтер және қалаларда және аудандарда облыстардың ІІБ және ІІМ-нің бөліністерінде кезекші бөлімдер құрды. Қоғамдық тәртіптің қорғау бекеттері ұйымдастырылып, халықтық дружиналар, жедел жасақтар нығайтылды. Ол ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда салмақты үлес қосты; ІІМ ақпараттық-есептеу орталығы, он шақты ІІБ және қалалық, аудандық ішкі істер органдарының қызметтік ғимараттары салынды, Алматыда бірінші рет ЭЕМ қолдана отырып, автоматтандырылған көшенің қозғалысын басқару жүйесі енгізілді.
Бұрыштағы витринада «Сұңқар» арнайы бөліністің нысанды киімі.
Сіздердің алдарыңызда Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесіндегі оқу орындарына арналған. 2 Жоғары оқу орындар бар (ҚР ІІМ-нің Академиясы, Қарағанды заң институты), 3 колледж (Ақтөбе, Семей, Шымкент) және әр түрлі қызметтер үшін мамандар даярланатын 13 БД училищелер бар.
Келесі залдың экспозициялар ынтымақтастықты растайтын сыйлықтар көрсетілген:
Тура сіздердің алдарыңыздағы бүркіт – Қырғыз делегациясының сыйлығы, Бұл құс көптеген республикаларда ІІМ-нің белгісінде қырағылық белгісі ретінде белгіленген.
Көрме витриналарында ҚР ІІМ-ге келген әр түрлі делегациялардың полиция эмблемалары, омырау белгілері, белгілер, символикалар және кәде сыйлар: Беларуссия, Украина, Ресей, Қырғыстан, Қытай, Корея, Пәкістан, АҚШ, Египет, Түркияның және т.б