
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін жариялау «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығының 52-тармағымен реттелген.
Осы тармаққа сәйкес Операциялық бағалау қорытындылары бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Комиссияның жұмыс органымен келісім бойынша операциялық бағалау нәтижелерін мемлекеттік органдардың қызметін операциялық бағалаудың интернет-порталында және «www.bagalau.kz» сайтында құпиялық режимін, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып жариялауды қамтамасыз етеді.
Қолжетімділіктің шектеулі болуына байланысты «Мақсатқа қол жеткізу» және «Ұйымдастырушылық даму» блоктары бойынша ІІМ қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары орналастырылмаған.
Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру сияқты өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады (уәкілетті орган – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі);
2) «Мемлекеттік органның ашықтығы» «Ашық деректер», «Ашық бюджет», «Ашық нормативтік құқықтық актілер», «Ашық диалог», «Ресми интернет-ресурс» порталдарын толтыру, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығы бойынша бағаланады (уәкілетті орган – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі);
3) «Шағымдар мен өтініштерді қарау сапасы» мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады: шағымдар мен арыздарды қарау мерзімдерінің сақталуы; сот шешімі бойынша негізделген деп танылған (сот қанағаттандырған) шағымдар мен арыздардың үлесі; қайта жолданған шағымдар мен арыздарды қарау; шағымдар мен арыздарды қарау сапасына ішкі бақылау (уәкілетті орган – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті).
«Жеке және заңды тұлғалармен өзара іс – қимыл жасау» блогы бойынша ІІМ қорытындысы 2018 жылы – 70,59 %, 2019 жылы – 74,01 %, 2020 жылы-62,9 % құрады.
Нәтижелері www.bagalau.kz сайтында да жарияланған.