
Қазақстанда адам саудасына қатысты қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 8-бабында жауапкершілік көзделген, ең жоғары жазалау шарасы 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.
Жыл сайын 200-ге жуық қылмыстық іс қозғалады (2019-182, 2020-111, 9 ай -120). Жәбірленушілерді қорғау және оларға көмек «Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» және «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заңдар шеңберінде көрсетіледі.
Сондай-ақ, ведомстволық бұйрықтар аясында сауда құрбандарына тегін әлеуметтік көмек көрсетіледі (әлеуметтік - тұрмыстық; медициналық;- психологиялық;- педагогикалық;- еңбек;- мәдени;- экономикалық және-құқықтық қызметтер).
Бұдан басқа, мемлекеттік органдар адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Үкіметтік жоспарды іске асыруда.
2003 жылдан бастап елімізде адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді, оның құрамында мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар бар.
ІІМ-де адам саудасына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелер және ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында Оқу орталығы жұмыс істейді. Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру үшін қолданыстағы меморандумдар шеңберінде көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен және АҚШ елшілігімен тығыз ынтымақтастық жолға қойылды.
Сондай-ақ, 18 ҮЕҰ және «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» қоғамдық ұйымдарымен және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.
Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.