
Соңғы уақытта алаяқтық кең қоғамдық резонанс тудырды. Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауында осындай қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша пәрменді шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударғаны кездейсоқ емес. Алаяқтықтың ең көп таралған түрі онлайн-сауда.
Басқа тәсілдер азаматтардың жеке деректерін алуға және банк карталары мен депозиттерге қол жеткізуге байланысты.
Азаматтарға «банк өкілдері» деп аталатын қоңырау шалып, клиенттің карточкасымен күдікті операциялар туралы баяндайды.
Операцияны бұғаттау үшін картаның деректемелерін оның артқы жағындағы CVV-кодпен нақтылау ұсынылады.
Бұдан әрі Интернет-банкингке қосылып, шоттағы ақшаны ұрлайды. Басқа жағдайда алаяқтар ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін оларды іс жүзінде өздеріне тиесілі резервтік сақтандыру шотына аударуды ұсынады. Сондай-ақ алаяқтар «WhatsApp» арқылы азаматтарға сату туралы хабарландыру бойынша қоңырау шалып, банк картасына кепілхат қабылдауға шақырады. Аударымды растау үшін алаяқтар сатушыға фишингтік сілтемені жіберіп, оны толтыруды сұрайды. Азаматтардың дербес деректерін алған алаяқтар жәбірленушілердің банктік шоттарынан ақша қаражатын аударады.
Түрлі жобаларға ақша қаражаттарын тиімді салым жасауды ұсынатын алаяқтық фактілері де тіркелді. Аталған қылмыстарға тиімді қарсы іс-қимыл жасау үшін Министрлік бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар жүргізуде. Жыл басынан бері киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағдарлама іске асырылуда, оның шеңберінде профилактикалық сипаттағы шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік органдармен, қаржы мекемелерімен, ұялы байланыс операторларымен, қызмет провайдерлерімен және онлайн-платформалармен өзара іс-қимыл ұйымдастырылады.
Тоқсан сайын киберқылмыстардың алдын алуға және оларды ашуға бағытталған жедел-алдын алу іс-шаралары («Anti-Fraud», «Hi-tech» жедел алдын алу іс-шаралары) жүргізіледі.
Аумақтық бөлімшелерде осындай қылмыстық істерді ашу және тергеу бойынша тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылды.
Күн сайын алаяқтық схемаларды анықтау тұрғысынан әлеуметтік желілер мен мессенеджерлерге, сондай-ақ олардың жедел қызығушылық танытатын пайдаланушыларына мониторинг жүргізіледі.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде тіркелудің наурызда 3 мыңнан, қыркүйекте 1 мыңға дейін аздап төмендегені байқалады.
2018 жылғы 28 қыркүйекте ТМД мемлекеттері ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Келісімде ынтымақтастықтың құқықтық негіздері құрылады, қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттердің, IT-саладағы терминологияның бірыңғай түсінігі қамтамасыз етіледі, сондай-ақ құзыретті мемлекеттік органдар және олардың өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады.
2019 жылғы 9 желтоқсанда біз осы келісім ратификацияланды.
ТМД-дағы әріптестерімен өзара іс-қимыл бойынша құзыретті мемлекеттік органдар (БП,ІІМ, ҰҚК, ҚМ) айқындалды.
Бүгінгі күні киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі халықаралық құжаттардың бірі компьютерлік қылмыстар жөніндегі Еуропа Кеңесінің Конвенциясы болып табылады (Будапешт қ., 2001 ж.).
Конвенция өз юрисдикциясына 62 қатысушы елді (оның ішінде посткеңестік кеңістіктегі 5 ел - Әзербайжан, Армения, Грузия, Молдова және Украина) және 14 мемлекетті байқаушылар мәртебесінде (оның ішінде Ресей және Беларусь) біріктіреді.
2018 жылдан бастап ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен (БП, ҰҚК, АҚДМ, СІМ) бірлесіп, Қазақстандық заңнаманың Конвенцияға сәйкестігі туралы дәлелдеп, Қазақстанды оған қосу мәселесін пысықтауда.
Сондай-ақ, СЕ-нің белгіленген ережелеріне сәйкес қосылу үшін Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің бірауыздан келісімі қажет.
Бұл мәселені қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі пысықтауда.