ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Учаскелік инспектор - құқық бұзушылықтың алдын алудағы негізгі тұлға

ІІМ-де полиция жұмысына сервистік тәсілдерді енгізу арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетігін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Басты рөлді учаскелік инспекторлар атқарады. Құқық бұзушылықтар жасауға, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізу бойынша оның өкілеттіктерін кеңейту жолымен учаскелік полиция қызметкерінің мәртебесін арттыруға бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданды

Бұдан басқа, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі мәртебесі заңнамалық түрде бекітілді, бұл полицияның сервистік жұмысы қағидатын іске асыруда учаскелік инспекторлар қызметінің толыққанды институтын құруға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы лауазымдарды ішкі қайта бөлу есебінен қосымша 277 бірлік учаскелік полиция инспекторлары және 130 бірлік олардың көмекшілері енгізілді.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы учаскелік инспекторлардың халықпен өзара іс-қимылының жаңа нысандары мен әдістері кеңінен қолданылады. 5 мыңнан астам УПИ, ПИК (МИБ) үй иелері (тұрғындар) чаттарында және өзге де әлеуметтік желілер топтарында тіркелген.

Халықпен «кері байланыс» орнату мақсатында тұрақты есеп беру кездесулері жүзеге асырылуда. Учаскелік инспекторлардың 14,4 мыңнан астам есеп беру кездесулері өткізілді, оларға 487 мыңға жуық азамат, 7,2 мыңнан астам әкімдік өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің 2 019 өкілі қатысты.

Есеп беру кездесулері барысында азаматтармен құзыреті шегінде ден қою шаралары қабылданған 6,7 мың ескертулер мен ұсыныстар айтылды.

Дата публикации
11 ноября 2021
Дата обновления
11 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы