ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қандастармен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды оңайлату туралы

Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігі этникалық қазақтардың қазақстандық азаматтықты қабылдау тәртібін жеңілдету үшін дәйекті шаралар қабылдауда.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қандастарға бір мезгілде Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан азаматтығына қабылдауға құжаттар беру мүмкіндігі заңды түрде енгізілді.

Бұрын олар бұл рәсімдерді бөлек өткізген, ал тұрақты тұру рәсімі  2 айға созылған. Содан кейін бір ай ішінде тұруға ықтиярхат дайындалды, содан кейін ғана  Қазақстан азаматтығына алуға құжат тапсыруға болатын, қарау мерзімі 3 ай. Қазір барлық үш кезең бір уақытта өтеді.

Жыл басынан бері осындай тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығына 3 257 отандасымыз қабылданды.

Қазіргі уақытта осы мысал бойынша қандас куәлігін беруден бастап азаматтыққа қабылдауға дейінгі отандастармен жұмысқа тартылған барлық мемлекеттік органдардың (ЕХӘҚМ, ІІМ, СІМ, АҚДМ, жергілікті атқарушы органдар) жұмысының бірыңғай алгоритмі енгізілуде.

Нәтижесінде:

- олар тек бір рет - ХҚКО-ға (әр мемлекеттік органға жеке емес) жүгінетін болады;

-  құжаттар тізімі екі есеге қысқарады;

- барлық кезеңдерден өту мерзімі 90 күнді құрайды (материалдарды барлық мемлекеттік органдар қазіргідей кезек бойынша емес, бір мезгілде қарайтын болады).

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
10 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы