ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Үкіметтік емес секторлармен ынтымақтастық

Құқық бұзушылықтың алдын алуға қоғамдық бірлестіктердің әлеуеті белсенді тартылуда.  

Қазіргі уақытта полиция 73 үкіметтік емес ұйыммен өзара іс-қимыл жасауда.

Волонтерлермен және ҮЕҰ-мен бірлесіп республиканың барлық өңірлерінде 1000-нан астам есірткіге қарсы іс-шаралар (онлайн-семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, конкурстар, спорттық іс-шаралар) өткізілді. Шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Үкіметтік емес сектордың мамандары ата-аналармен кездесулер өткізуге, әлеуметтік желілер үшін бейнеөтініштерді жазуға қатысады.

Мысалы, психобелсенді заттарды тұтынусыз жастардың бос уақытын алдын алу, өскелең ұрпақ арасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ағымдағы жылғы 22 тамызда елордада санитарлық шараларды сақтай отырып, ерлер арасында волейболдан турнир өткізілді, жарысты «Нұр-Сұлтан қаласының волейбол федерациясы» ҚБ ұйымдастырды.

Сонымен қатар, «Қазақстан - есірткіге қарсы» және «Қазақстан Еріктілер лигасы» қоғамдық қорлары, «Жасыл ел», «Біргеміз», «Үміт» қоғамдық бірлестіктері және «Қамқор» еріктілер қозғалысы белсенді қатысуда, олар 34 акция өткізді.

Олардың қатысуымен ойын-сауық мекемелерінде 67-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылда ІІМ қызметін әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеуге қолдау көрсетілді.

ІІМ бастамасы бойынша еріктілер аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен бірлесіп «Есірткіге жол жоқ!», сондай-ақ  «Граффитиді тоқтат-Есірткіге жол жоқ» деген жазуларды жою жөніндегі іс-шараларда (әртүрлі интернет-сайттарға және есірткі құралдарын жарнамалау және сату жөніндегі ресурстарға сілтемелері бар граффитиді жою жөніндегі жазуларды).

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
10 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы