ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Профилактикалық жұмыс

Есірткі қылмыстарын анықтаумен және жолын кесумен қатар, Ішкі істер органдары есірткіге қарсы бағыттағы профилактикалық жұмыстарды үнемі жүргізеді.

Мемлекет басшысы біздің азаматтарымыз, әсіресе жастар арасында есірткінің таралу жолына қуатты тосқауыл қоюды тапсырды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық іс-шараларға ерекше назар аударылады.

Ағымдағы жылы 3 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде 228 акция, 763 семинар, 1859 дәріс және 371 кездесу, 114 дөңгелек үстел, 182 конкурс, 167 спорттық жарыстар мен турнирлер.

Денсаулық сақтау және білім беру органдарымен өзара іс - қимылда 1949 іс - шара, ҮЕҰ - мен бірлесіп - 637, білім беру объектілерінде - 1668, ЖОО-ларда - 322 іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараларды өткізу барысында жасөспірімдер мен жастардың жалпы қамтылуы 177 мыңнан астам адамды құрады.

Профилактикалық іс-шараларды өткізуде ең бастысы-жоғары сынып оқушылары мен жасөспірімдерімен жұмыс жасау.

Оны үйлестіру үшін Премьер-Министрдің бұйрығымен ведомствоаралық штаб құрылды, оның отырыстарында алдын-алудың маңызды мәселелері қарастырылады.

Штаб құрамына БП, ҰҚК, ҚМА, СІМ, ДСМ, МСМ, БҒМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, Қорғанысмині бірінші басшыларының орынбасарлары кіреді. Төраға-ішкі істер министрі.

Нашақорлықтың алдын алу мәселелерінде халықаралық ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

2010 жылдан бастап БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасымен бірлесіп Қазақстанда 10-14 жастағы балаларға арналған «Мықты отбасы» бағдарламасы іске асырылуда. Мақсаты-отбасындағы жанжал жағдайларын азайту, бұл кейіннен балалардың дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқуларға, сондай-ақ жасөспірімдер мен олардың ата-аналары арасындағы достық қатынастарды қалыптастыруға әкеледі.

36 мектеп психологы оқытылды, олар алдағы жеті апта ішінде бағдарлама аясында оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істейтін болады. 2018 жылдан бастап бағдарлама «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» (НЗМ) жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта «Мықты отбасы» бағдарламасының авторы НЗМ-нің біліктілігін арттыру орталығының базасында оқытушылар мен психологтарды оқыту курстарына бағдарламаны қосу үшін НЗМ-ге эксклюзивті құқық берді.

Еуропалық Одақтың «КАДАП» бағдарламасымен өзара іс-қимыл шеңберінде 2021 жылы КАДАП-7 жаңа жобасы басталды, оның шеңберінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, әйелдер мен халықтың осал топтарына бағдарланған профилактикалық бағдарлама, есірткіні тұтынудың профилактикасы әзірленеді.

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
10 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы