ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

«Біздің полиция» жобасы

«Біздің полиция» жобасы

(«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы, хронометражы -20 минут)

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында ішкі істер органдарына заманауи талаптарға жауап беретін жаңа құқық қорғау идеологиясын құруды міндет еткен болатын.

Атап айтқанда, ІІМ-ге полиция институтын сервистік модель негізінде дамыту, «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің реформасын жасау, учаскелік инспектордың мәртебесін арттыру және т.б. өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

  Осы ретте ІІМ «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының Бағдарламалар өндірісі жөніндегі дирекциясының шығармашылық ұжымымен бірлесіп «Біздің полиция» жобасы түсірілді.

  Ұлттық арнаның шығармашылық ұжымы Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Шымкент, Түркістан қалаларында түсірілім жұмыстарын ұйымдастырып, 11 бағдарламаны эфирге шығарды.

Бағдарлама мақсаты - қызметтік міндеттері бойынша ең әмбебап саналатын учаскелік полиция инпекторларының қызметін насихаттау,  мәртебін арттыру.

Жоба барысында учаскелік полиция инспекторының бір күндік қызметі көрсетіледі. Түсірілім тобы учаскелік полицеймен бірге барлық аймақтарда бірге жүреді. Қызмет барысында болған барлық қызықты, қиын сәттерді басты кейіпкер өзі сипаттайды.

 

Жыл басынан бері 11 бағдарлама эфирге шықты:

  1. Серікқали Құнанбайұлы – Нұр-Сұлтан қаласы (21.01.2021 ж.) 
  2. Ғалымжан Омаров – Нұр - Сұлтан қаласы (05.02.2021 ж. ) 
  3. Адайбеков – Ақтөбе облысы (19.02.2021 ж.) 
  4. Сая Өмірбекқызы – Нұр - Сұлтан қаласы (05.03.2021 ж.)   
  5. Нариман Ульянов – Ақтөбе облысы (19.03.2021 ж.) 
  6. Ербол Юсупов – Шымкент қаласы (02.04.2021 ж.) 
  7. Нұрболат Темірханов – Түркістан облысы (19.04.2021 ж.) 
  8. Құдайберген Аринов – Нұр - Сұлтан қаласы (17.05.2021 ж.) 
  9. Берік Жұмағазы – Өскемен қаласы (07.06.2021 ж.)
  10. Дастан Буланов – Семей қаласы (12.07.2021 ж.) 
  11. Ғалы Есмағанбетов – Нұр-Сұлтан қаласы (28.07.2021 ж.)
Дата публикации
20 октября 2021
Дата обновления
20 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы