
Ішкі істер министрлігі 270-тен астам үкіметтік емес ұйымдармен, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасына, есірткіге тәуелді адамдарға көмек көрсету, сондай-ақ сотталғандардың құқықтары мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша дағдарыс орталықтарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Ішкі істер органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл жасасуының тиімділігін арттыру мақсатында ІІМ-де (оның ішінде аумақтық полиция департаменттерінде) ҮЕҰ-мен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға жауапты лауазымды адамдар бекітілген.
ІІМ-нің 2018 жылғы 5 шілдедегі №493 бұйрығына сәйкес азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасасуға жауапты болып Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары бекітілген.
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Милюк Алексей Казимирович, телефондары: 8 (7271) 71-51-06, 71-45-84. Электрондық поштасы - a.miluk@mvd.gov.kz