
ТЫҢДАЛЫМ БӨЛІГІ.
1-диалог мазмұны бойынша тест тапсырмалары/Тестовые задания по содержанию 1-го диалога:
1. Сұхбатқа негіз болған жағдаятты анықтаңыз./Определите ситуацию, на которой основан диалог.
а) Бас киімдерді ауыстыру кезі
ә) Бойы ұзын адамның Англияға келуі
б) Ғалымның Черчильге назар аударуы
в) Қазақстандық өкілдерді Премьердің қабылдауы
2. Көп нүктенің орындарына сәйкес сөздерді табыңыз./Вместо многоточия вставьте нужные слова.
Әзілді сұраққа ... жауап алды да, ұзын бойлы адамның ... таңданды.
а) үнсіз, сұрағына
ә) тосын, бас киіміне
б) өте салмақты, ақылдылығына
в) делегаттардан, кішкентай бас киіміне
3. Дұрыс нұсқасын табыңыз./Найдите правильный вариант.
Академик «Менің халқым өзімнен әлдеқайда биік» деген жауабы арқылы ... екенін білдірді.
а) ол елдегі әр адамның бойы одан биік
ә) қазақтардың бойы басқа ұлттардан биік
б) халықтың бойы академиктерден биіктеу
в) елінің тарихы белгілі және болашағы өте биік
1-мәтін мазмұны бойынша тест тапсырмалары/Тестовые задания по содержанию 1-го текста:
4. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс нұсқасын табыңыз./Найдите правильный вариант, соответствующий тексту.
а) Сеул метросы - әлемдегі ең үлкен метро.
ә) Кореядағы ғимараттың биіктігі 250 метрдей болады.
б) Өзен ұзындығы Гиннес кітабына енгізілді.
в) Көпірдің ұзындығы 300 шақырым болады.
5. Мәтіннің негізгі мазмұнын анықтаңыз./Определите основное содержание текста.
а) Сақтандыру компаниясының биік ғимараты.
ә) Оңтүстік Корея астанасының ерекшеліктері.
б) Сеул метросын үлкен метролармен салыстыру.
в) Гиннес кітабына енген үлкен көпір ерекшеліктері.
6. Мәтінге сәйкес баяндау жүйелігін ретімен орналастырыңыз./Разместите информацию по порядку изложения в тексте.
а) көпір, бас офистер саны, метро, биік үй
ә) бас офистер, көпірлер, биік үйлер, метро
б) субұрқақтар саны, метро ұзындығы, биік ғимарат
в) метро ерекшелігі, биік ғимараттар, көпір ерекшелігі
2-мәтін мазмұны бойынша тест тапсырмалары/Тестовые задания по содержанию 2-го текста:
7. Мәтін мазмұнын анықтаңыз./Определите содержание текста.
Мәтін ... туралы.
а) тазалық
ә) пайдалы кеңес
б) таңғы газеттер
в) жаяу жүрудің пайдасы
8. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз./Вместо многоточия вставьте нужные слова.
Пайдалы кеңес бөлімінде ... бойынша кеңестер беріліпті.
а) таңғы массаж
ә) спорттың пайдасы мен зияны
б) тазалық пен жемістерді пайдалану
в) жаттығуларды суреттерге қарап жасау
9. Мәтін мазмұны бойынша қате ақпаратты табыңыз. Найдите предложение, не соответствующую содержанию текста.
а) Бетке массаж жасау кеңесі беріліпті.
ә) Кеңестердің қажеттісін пайдаланды.
б) «Тазалық - денсаулық кепілі» тақырыбы бар.
в) Соңғы бетте адамға қажетті кеңестер бөлімі жарияланған.
10. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз. Найдите информацию, которой нет в тексте.
а) Жаңа газет-журналдарды дүкеннен сатып аламын.
ә) Бүгінгі газетте таңғы жаттығулар туралы айтылыпты.
б) Әрбір адам денсаулығының жақсы болғанын қалайды.
в) Пайдалы кеңестердің қажеттісін пайдаланып отырамын.
ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ БӨЛІК
1. Айтылуы жіңішке сөзді көрсетіңіз. Укажите слово, которое произносится мягко.
а) нағашы
ә) кенже
б) ата-ана
в) туысқан
2. Айтылуы жуан сөзді көрсетіңіз. Укажите слово, которое произносится твердо.
а) зейнеткер
ә) ағайынды
б) келін
в) немере
3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте вместо точек нужное слово.
................... ағаң қайда жұмыс істейді?
а) Менің
ә) Сенің
б) Сіздің
в) Біздің
4. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте вместо точек нужное слово.
Киноға досыңмен бірге ................... .
а) жүресің
ә) баратын
б) барасың
в) бармақшы
5. Сөйлемді толықтырыңыз. Дополните предложение.
Әнші сахнаға ................. көйлек киіп шықты.
а) сұлу
ә) сәнді
б) белгілі
в) сүйкімсіз
6. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте вместо точек нужное слово.
Жұмыстан ................... кейін шықтым.
а) бестің
ә) төртте
б) сегізге
в) алтыдан
7. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте вместо точек нужное слово.
................... сабақ – қазақ тілі сабағы.
а) Бір
ә) Екінші
б) Үшеу
в) Бестен
8. Мағыналары қарама-қарсы сөздерді көрсетіңіз. Укажите слова с противоположными значениями.
а) биік - ұзын
ә) үлкен - кіші
б) оңай - жеңіл
в) жылы – жарық
9. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте вместо многоточия нужное слово.
Мен күнде .......................... жүгіремін.
а) бүгін
ә) ертең
б) былтыр
в) таңертең
10. Белгіленген сөзге мәндес сөзді көрсетіңіз. Укажите слово, близкое по значению к выделенному слову.
Ерсұлтан университетті биыл БІТІРДІ.
а) кірді
ә) барды
б) аяқтады
в) бастады
11. Диалогті толықтырыңыз. Дополните диалог.
-Әлия, мына мәліметті қайдан жазып алдың?
-Мен бұл мәліметті ........................ жазып алдым.
а) кітапта
ә) дәптерге
б) интернеттен
в) компьютермен
12. Саналмайтын затты белгілеңіз. Отметьте предмет, который нельзя сосчитать.
а) газет
ә) ақыл
б) хабар
в) кітап
13. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте вместо многоточия нужное слово.
Әрбір ер азамат .......... елін қорғауы керек.
а) өз
ә) біздің
б) менің
в) олардың
14. Мақалды толықтырыңыз. Дополните пословицу.
.............. сұлудың, тәні сұлу.
а) көзі
ә) беті
б) жаны
в) мұрны
15. Бір ғана ұғымды білдіретін сөзді көрсетіңіз. Укажите слово, которое означает одно понятие.
а) саябақ
ә) бас киім
б) озық ой
в) кең киім
16. Белгіленген сөзге мәндес сөзді көрсетіңіз. Укажите слово, близкое по значению к выделенному слову.
АБЕКЕ, кешке біздің үйге қонаққа келіңіз.
а) үлкенді түсіну
ә) үлкенді құрметтеу
б) үлкенді тыңдау
в) үлкенді мақтау
17. Сөйлемді толықтырыңыз. Дополните предложение.
Батыр ...... Бақыт бір университетте оқиды.
а) бен
ә) пен
б) мен
в) бенен
18. Сөйлемді тиісті қосымшамен толықтырыңыз. Дополните предложение соответствующим аффиксом.
Бұл ойыншық бала............. .
а) -ның
ә) -тің
б) -тікі
в) -нікі
19. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді таңдаңыз. Вставьте вместо многоточия нужное слово.
Ол .......... бірге жұмыс істейді
а) атасының
ә) әкесінен
б) баласына
в) ағасымен
20. Сөйлемдегі көптік мағынаны білдіріп тұрған сөзді көрсетіңіз. Укажите слово, которое обозначает множественное значение.
Студенттер түскі үзіліске шықты.
а) түскі
ә) шықты
б) үзіліске
в) студенттер
21. Шартты мағынасы бар сөйлемді табыңыз. Укажите предложение, с условным значением.
а) Ертең күн бұлтты болса, мен серуендеуге бармаймын.
ә) Жұмыстан кейін концертке баруға болады.
б) Мен облыстық байқауға қатысамын.
в) Ол түрлі маркаларды жинаумен әуестенеді.
22. «-шы» қосымшасымен сөз жасаңыз. Образуйте слово с помощью аффикса «-шы»
а) айлық
ә) спорт
б) мұнара
в) тұрақ
23. Арасына сызықша қойылып жазылатын сөзді табыңыз. Найдите строку, где ставится дефис.
а) іс шара
ә) ауа райы
б) келісім шарт
в) ауа баптағыш
24. Белгіленген сөз тіркесіне сұрақ қойыңыз. Задайте вопрос к выделенному словосочетанию.
Базарда ҮШ КІСІЛІК орындық өте арзан бағада сатылыпты.
а) қашан?
ә) қанша?
б) кімнің?
в) қандай?
25. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.
Тұрғындардың айтуынша ауыз су мәселесі қыстан .............. қиын болып тұр.
а) бері
ә) сол
б) дейін
в) шейін
26. Мақалды толықтырыңыз. Дополните пословицу.
Өз үйім – өлең ..................... .
а) елім
ә) жерім
б) төсегім
в) жаным
27. Асты сызылған сөзді қандай сөзбен ауыстыруға болады? Каким словом можно заменить подчеркнутое слово?
Арманнан алған кітапты қайда қойдың?
а) Одан
ә) Сенен
б) Бұған
в) Онымен
28. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.
Сенің істеген қадамың тек ............ өміріңе ғана емес, сенің ұрпағыңның өміріне да әсер етеді.
а) өз
ә) өзіңді
б) өзің
в) өзіміз
29. Сөйлемді аяқтаңыз. Закончите предложение.
Үш жылдық мерзімге арналған бағдарлама былтыр .................... .
а) келетін
ә) болады
б) жиналған
в) қабылданған
30. Сөйлемді аяқтаңыз. Закончите предложение.
Бұл мәселелер өткен жиналыста .................... .
а) айтылған
ә) көрсетіледі
б) көтеріледі
в) жоспарланбақ
31. Қажетті сөзді белгілеңіз. Отметьте нужное слово.
Балалар, далада ....................... .
а) ойнаңдар
ә) тазалансын
б) шығарсын
в) жүгіру
32. Қажетті сөзді белгілеңіз. Отметьте нужное слово.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты....................... түске дейін барлық бағытқа жолдар жабық.
а) кешке
ә) таңнан бері
б) түстен соң
в) таңертеңнен
33. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.
....................... бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы 2 есе көбейеді.
а) Биылдан
ә) Былтырдан
б) Өткен жылдан
в) Келесі жылдың
34. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз. Найдите правильно составленное предложение.
а) Бүгінгі маңызды мәселе отырыста айтылды.
ә) Бүгінгі отырыста маңызды мәселе айтылды.
б) Бүгінгі отырыста мәселе маңызды айтылды.
в) Бүгінгі отырыста айтылды маңызды мәселе.
35. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз. Найдите правильно составленное предложение.
а) Жексенбі «Конгресс Хол» концерт залында ертең күні айтыс болады.
ә) Ертең жексенбі күні «Конгресс Хол» концерт залында айтыс болады.
б) Айтыс жексенбі күні болады «Конгесс Хол» концерт залында.
в) Ертең күні айтыс «Конгресс Хол» концерт залында жексенбі болады.
36. Сөйлемді тиісті қосымшамен толықтырыңыз. Дополните предложение соответствующим аффиксом.
Олар ойын-сауық орталығына балалар....... барғысы келді.
а) -ды
ә) -сыз
б) -сіз
в) -лық
37. Іс-әрекеттің мезгілін білдіретін сөзді белгілеңіз. Отметьте слово, обозначающее период времени действия.
Көктемде жыл құстары ұшып келеді.
а) ұшып
ә) келеді
б) көктемде
в) жыл құстары
38. Іс-қимыл мағынасындағы тіркесті табыңыз. Найдите словосочетание, обозначающее действие.
а) жақсы ой
ә) ойлы бала
б) жақсы ойла
в) жақсы ойын
39. Мағынасы жақын сөздерді көрсетіңіз. Укажите слова, близкие по значению.
а) түзу, тура
ә) биік, ұзын
б) қиын, оңай
в) жер, ғаламшар
40. Санның дұрыс жазылған нұсқасын белгілеңіз. Отметьте правильный вариант написания числа.
Абай Құнанбаев 1845 жылы дүниеге келген.
а) мың сегіз жүз қырық бес
ә) бір мың сегіз жүз қырық бес
б) мың сегіз жүз қырық бестей
в) бір мың сегіз жүз қырық бесінші
41. Орындалып жатқан іс-әрекетті табыңыз. Найдите предложение, с просходящим действием.
а) Ол «Болашақ» бойынша оқуға дайындалып жүр.
ә) Данияр саябақта досымен кездесті.
б) Гүлжандар техниканы жеңілдікпен сатып алмақшы.
в) Денсаулық мықты болу үшін спортпен айналысу керек.
42. Қалау мәндегі сөйлемді табыңыз. Найдите предложение с желательным значением.
а) Қонақтардың шай ішкісі келді.
ә) Бізге іс-шараны өзімізге ұйымдастыру керек.
б) Демалыс орнына отбасымен баруға болады.
в) Айнагүл ән айтуды ұнатады.
43. Орындалмаған іс-әрекетті табыңыз. Найдите не выполненное действие.
а) Сәбиге ат қою үшін көп ойлану қажет.
ә) Дәурен қарындасының туған күніне барған жоқ.
б) Мен қазақ есімдері туралы кітап оқыдым.
в) Қаладағы барлық жаңа көшелерге атау берілді.
44. Мағынасы қарама-қарсы сөзді табыңыз. Найдите слова с противоположным значением.
а) Ол беті-қолын жуды.
ә) Ол ағайын-туысын тапты.
б) Ол бала-шағасын қыдыртты.
в) Ол қысы-жазы үйінен шықпайды.
45. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте вместо многоточия нужное слово.
Бурабай мен Астана арасындағы өңір .......................... алқапқа айналады.
а) төбелі
ә) таулы
б) жақсы
в) орманды
46. Тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте необходимое слово.
........................ емдеу факультетінде оқиды.
а) Мектепті
ә) Колледжге
б) Институтпен
в) Университеттің
47. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.
Біз биыл ........................ бірге еліміздің өміріндегі аса маңызды және тарихи оқиғаның қатысушылары әрі куәсі болдық.
а) олардан
ә) сендердің
б) сіздермен
в) біздерден
48. Қажетті сөзді белгілеңіз. Вставьте нужное слово.
Егер .................... қандай да болсын сұрақтар туындап жатса, мына мекенжайға хабарласыңыз.
а) сізде
ә) менде
б) бізде
в) сенен
49. Салыстыру мағынасы бар сөйлемді белгілеңіз. Отметьте предложение с сравнительным значением.
а) Санжардың да, Дәулеттің де туған күндері тамыз айында.
ә) Алмастың көзі көк, шашы бұйра келген сымбатты жігіт.
б) Нұрбекке қарағанда Айбектің бойы ұзын.
в) Жанар мен Анар ауылға бірге келсе, аналары қатты қуанады.
50. Қимылға қатысты сөйлемді көрсетіңіз. Укажите предложение, относящее к действию.
а) Алматылық қонақтардың саны көп емес.
ә) Делегаттардың баяндамасы ағылшын тілінде.
б) Маған делегаттарды әуежайдан күтіп алуды тапсырды.
в) Қаланың шетіндегі қонақүйлердің бағасы қымбат емес.
ОҚЫЛЫМ БӨЛІГІ
1-мәтін
Жомарт Ескендірұлы бүгін жұмысқа ерте келді. Ол хатшысы Әлияны шақырып, жұмыс жоспарымен таныстырды. Хатшы бастықтың айтқанын дәптеріне жазып алды:
1. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз. Найдите наиболее полную и точную информацию соответствующую тексту.
а) Бүгін жоспар бойынша Әлия бастықтың бірнеше кездесулері бар деп жазды.
ә) Әлия бүгін Алматы қаласы бөлімшесімен онлайн-конференция өткізу керек екенін жазып алды.
б) Хатшы бүгін дәптеріне жиналыс, конференция, жоба, есеп беру және кездесу туралы жазып алды.
в) Хатшы дәптеріне жобамен танысу, есеп дайындау, жиналыс және конференция өткізу керек екенін жазып алды.
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. Выберите информацию, несоответствующую тексту.
а) Хатшы өз жұмысына кірісті.
ә) Ол қызметкерлерімен жиналыс өткізді.
б) Есеп комитетінің мамандарымен кездесу өтеді.
в) Жомарт Ескендірұлы жұмыс күнін жоспарлады.
3. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
а) Басшы неге бүгін жұмысқа ерте келді?
ә) Есеп дайындау үшін қандай құжаттар қажет?
б) Жомарт Ескендірұлының жұмыс күні қалай өтеді?
в) Жомарт Ескендірұлы жұмысқа бүгін нешеде келді?
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. Выберите информацию, соответствующую тексту.
а) Жиналыс сағат тоғызда өткізіледі.
ә) Ол таңертең конференцияда сұхбат береді.
б) Ол қызметкерлерді жаңа жобамен таныстырады.
в) Жомарт Ескендірұлының түстен кейін кездесуі бар.
5. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. Найдите главные опорные слова текста.
а) жұмыс, хатшы, жоба.
ә) жоспар, жұмыс, сағат.
б) Жомарт, хатшы, қала.
в) Хатшы Әлия, Алматы, дәптер.
2-мәтін
Ағзаны шынықтыру
Ағзаны шынықтырудың маңызы зор. Шынығуда күн сәулесі, су және ауа пайдаланылады. Денсаулыққа пайда келтіру үшін шынығуды жүйелі түрде орындау керек.
Сумен шынығу. Шыныққан кезде судың температурасы бастапқыда 20-30 градус болуы тиіс. Су температурасын әрбір 2-3 күн сайын 1 градусқа төмендету керек. Осылайша су температурасын 16-18 градусқа жеткізу керек. Шынығуға тек дені сау кезінде кірісу керек.
Күн сәулесімен шынығу. Күн сәулесінің емдік күші ертеден белгілі. Күн сәулесін дұрыс пайдаланбаған тері күйіп қалуы мүмкін. Сондықтан күнмен шынығу кезінде абай болу керек. Күн сәулесі адамның бүкіл денесіне әсер етеді. Ол микробтарды жояды. Д дәруменінің түзілуіне жағдай жасайды. Д дәруменінің жетіспеушілігі сүйектің жұмсаруына және қисаюына әкеп соғады. Сондықтан күн сәулесінің денсаулық үшін маңызы ерекше.
Ауамен шынығу. Ауа – шынығудың тиімді құралдарының бірі. Ауамен шынығуды жүйелі орындау керек. Балалар суық тиюден жиі ауыратын болғандықтан, төменгі температураға біртіндеп үйретудің маңызы зор. Егер шынығу кезінде ауырып қалсаң, тек сауыққан соң ғана қайта бастау керек.
Осы айтылған жайларды орындағанда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Ағзаның әртүрлі ауруларға қарсылығы жоғарылайды.
6. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. Выберите информацию, несоответствующую тексту.
а) Шынығумен тек ауырмаған кезде ғана айналысу керек.
ә) Балалардың денесін ауамен шынықтыруға біртіндеп үйрету керек.
б) Сумен шынығуда әрбір 2-3 күн сайын 16-18 градусқа жеткізу керек.
в) Денсаулық үшін ағзаны шынықтыруды жүйелі түрде орындап отыру керек.
7. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
а) Сумен шынығуды қай кезде бастау керек?
ә) Күнмен шынығу қандай микробтарды жояды?
б) Күн сәулесінің емдік қасиетін кім ойлап тапқан?
в) Шынығудың соңында су температурасы қанша болу керек?
8. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. Выберите информацию, соответствующую содержанию текста.
а) Суық сумен шынығу жақсы нәтиже береді.
ә) Терінің күюі Д дәруменінің түзілуіне жағдай жасайды.
б) Ағзаны шынықтыру ағзаның әртүрлі ауруға қарсы тұруын жоғарылатады.
в) Балалар суық тиюден жиі ауыратын болғандықтан, тек ауамен ғана шынығулары керек.
9. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. Найдите главные опорные слова текста.
а) градус, ауа, су, ауру.
ә) ауа, ағза, су, температура.
б) шынығу, ағза, денсаулық.
в) шынығу, градус, температура.
10. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз. Найдите наиболее полную и точную информацию соответствующую тексту.
а) Су және ауамен шынығу – ағза төзімділігі үшін пайдалы.
ә) Күн сәулесі, су және ауамен жүйелі шынығу – денсаулыққа пайдалы.
б) Сумен шынықтыру жаттығуларын жүйелі орындау – денсаулыққа пайдалы.
в) Ағзаны күн сәулесімен үнемі шынықтырып отырудың адамға пайдасы көп.