
VI БӨЛІМ. ТҮР және ТАЛҒАМ. 2-сабақ.
1. Сөздерді сәйкестендіріңіз. Соедините слова между собой. Практикалық тапсырмалар (VI БӨЛІМ. 2-сабақ. ТҮР және ТАЛҒАМ)
2. Оқыңыз. Прочитайте.
Сәбираның отбасы
Менің аты-жөнім - Сәбира Әуесханқызы. Отбасыммен бірге Атырау қаласында тұрамын. Мектепте тарих сабағынан оқушыларға білім беремін. Тұрмыстамын. Екі балам бар. Ұлымның есімі - Дәулет. Кенжемнің есімі - Жәния.
Дәулет - ұзын бойлы, көрікті жігіт. Қыр мұрынды, қой көзді, сұңғақ бойлы жігіт. Жасы 33-те. Шашы қалың, қап-қара, әкесінен айнымайды. Келінімнің есімі - Айжан. Ол аққұба келген, көзі көк, шашы ұзын әрі қалың, атжақты келіншек. Жасы 32-де. Дәулет пен Айжанның ерке қызы Салтанаттың көзі анасынікіндей.
Бетінде аздаған секпілдері бар. Немеремнің кірпіктері ұзын, қиғаш қара қастары өте әдемі. Салтанаттың жасы 6-да. Күзде мектепке барады.
Қызым Жәния - студент, жасы 20-да. Оның да бойы ұзын. Бірақ мұрны пұшық, көзі көк түсті. Нағашы әжесіне тартқан. Жақында ұзын шашын кесті. Бұрынғы ұзын бұрымы өзіне жарасатын еді.
Күйеуім Нұрлан Ахметұлы мұнай компаниясында бас инженер болып жұмыс істейді. Жасы 53-те. Балаларымыздың бойы әкесіне тартқан.
Жігіттердің талғамы
«Қандай қыздарды ұнатасыңдар?» деген сұраққа 70 мыңнан астам еуропалық жігіт жауап беру үшін көп уақыт ойланыпты. Барлық жауаптарды жинаған соң жігіттерге ұнайтын қыздың түр-кескіні анықталған.
Олардың талғамына көзі көгілдір, шашы ұзын және сарғыш түсті, қыр мұрынды, бойы 175 см, салмағы 60 кг-ға жуық қыздар сәйкес келген. Олардың баласы жоқ, өзінің жеке тұрғын үйі болуы керек.
Тағы бірнеше жігіттердің ортақ пікірі - қыздар жан-жануарларды жақсы көріп, клубқа барғанды ұнатуы қажет. Бәрінен де ең басты талап - темекі тартпауы тиіс.
Бұл - әлем еркектерінің көзқарасы. Ал, біздің қазақ жігіттері армандаған қыздың бейнесі қандай екен? Олардың талғамына шашының түсі қара, қос бұрымды, қыр мұрынды, қарақат көзді, көзілдірік тақпайтын қыздар сай келеді екен. Бойы орташа болуы керек.
3. Дұрыс/бұрыс жауаптарды белгілеңіз. Отметьте правильные и неправильные ответы
4. 2-мәтінде айтылған қыздардың келбетін сипаттаңыз. Опишите девушек, о которых шла речь в тексте №2.
5. -лы/-лі, -ды/ді, -ты/ті жұрнақтарының тиістісін қойыңыз. Присоедините соответствующий суффиксы -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті.
6. Сөйлемдерді үлгі бойынша өзгертіп жазыңыз. Преобразуйте предложения и напишите их по привденному образцу.
Бөлімге бір кісі кірді. Есімі - Алан. Бөлімге Алан есімді кісі кірді.
Бүгін аспанда бұлт бар. ......................................................................
Менің шашым қысқа, бойым ұзын. ..................................................................
Менің досымның сақалы бар. .............................................................................
Бұл отбасында бала көп..................................................................................................
Әселдің қасы қиғаш, көзі қарақаттай.................................................................................
7. Дұрыс жауапқа + белгісін қойыңыз. Отметьте правильный вариант знаком +
8. Барыс немесе шығыс септігінің жалғауын жалғаңыз. Присоедините окончания дательно-направительного или исходного падежей.
ТЫҢДАЛЫМ
9. Тыңдаңыз. Дұрыс нұсқаларды таңдаңыз. №27 аудиомәтін Прослушайте. Выберите правильные варианты.
10. Тыңдаңыз. Тиісті әріпті жазыңыз.№28 аудиомәтін Прослушайте. Напишите соответствующие буквы.
Практикалық тапсырмалардың жауаптары (VI БӨЛІМ. 2-сабақ. ТҮР және ТАЛҒАМ)