
I бөлім. Отбасы. 2-сабақ
1. Өткен грамматиканы еске түсіріңіз. Тиісті есімдікті қойыңыз. Вспомните изученную грамматику. Вставьте нужное местоимение. Практикалық тапсырмалар (I БӨЛІМ. 2-сабақ. МЕНІҢ ОТБАСЫМ ҮЛКЕН)
| МЕН | СІЗ | СЕН | СІЗ | ОЛ |
2. Жіктік жалғауды қолданып, сөйлемдерді көшіріңіз. Перепишите предложения, используя окончания личной формы.
Менің есімім - Арман (1), тегім - Омаров (2). Жасым отыз сегізде (3). Ұлтым - қазақ (4). Мамандығым - заңгер (5). Отбасым бар (6). Мен Ақсуда тұрамын (7).
3. Жіктік жалғаудың көпше түріндегі 10 сөз/сөз тіркесін табыңыз. Из приведенного списка найдите 10 слов/словосочетаний, употребленных в личной форме множественного числа.
олар құрбылар сіздердің бөлмеңіз
біз ағайындымыз бөлесінің бөлмесі
жеңгесіңдер жиеншарлар
келіннің аты күйеу балаңыз
менің жеңгем күйеу баласымын
біздің келініміз көкесіміз
сендер жиенсіңдер олар ағылшындар
сендердің жиендерің нағашымыз
сендер кімсіңдер? сіздер дүнгенсіздер ме?
4. Қажетті сөздерді қойыңыз. Вставьте соответствующие слова.
Асқардың нағашы; атасының; оның; сіздердің.
5. Оқыңыз. Прочитайте.
1-мәтін.
Менің атым – Самат. Жетінші сыныпта оқимын. Ата-анам маған үнемі ескерту жасайды. Мысалы, үйге ерте кел, сабағыңды оқы, компьютерде көп ойнама, бас киім ки, жылы киін т.б. Мен кішкентай бала емеспін. Бәрін білемін, бірақ олар айта береді. Оларға қалай түсіндірсем екен?
2-мәтін.
Менің атым – Арман. Бесінші сыныпта оқимын. Менің ағам бар. Аты – Мақсат. Ол алтыншы сыныпта оқиды. Анам маған үнемі Мақсаттың киімін ки, Мақсаттың сөмкесін немесе кітаптарын ұста дейді. Ал менің ұстағым келмейді. Оны ата-анама қалай түсіндірсем екен?
3-мәтін.
Менің есімім – Қайрат. Жасым жиырма бесте. Қалада тұрамын, жеке фирмада жұмыс істеймін. Үйдің кіші баласымын. Үлкен ағаларым мен әпкелерімнің өз отбасылары бар. Ата-анам ауылда тұрады. Олар – зейнеткерлер. Олар маған үнемі үйлен дейді. Осы сөзден шаршадым. Алайда, маған үйлену әлі ерте. Себебі мен жұмыста жақсы жетістіктерге жеткім келеді. Қазір мен үшін карьера бірінші орында. Ата-анама айтсам, олар түсінбейді. Олар жұмыс пен отбасын бірге алып жүру оңай деп ойлайды. Меніңше қазіргі кезде бұл қиын секілді.
6. Жауап беріңіз. Ответьте.
7. Иелік форманың тиісті жұрнағын қосып сөйлем құраңыз. Составьте предложения, добавив нужные суффиксы формы принадлежности.
8. Тәуелдік жалғаулы сөзді иелік формамен ауыстырыңыз. Замените слова в притяжательной форме на форму принадлежности.
1. Мынау - менің қағаздарым. Мына қағаздар менікі
2. Бұл - Қуаттың үйі. _______________________
3. Бұл кімнің суреті? _______________________
4. Мынау сіздің фотосуретіңіз бе? ____________________
5. Бұл - сендердің сыныптарың. ____________________
6. Менің пәтерім - мынау. ____________________
7. Мынау кімнің ноутбугі? ____________________
8. Бұл кімнің телефоны? ____________________
9. Жалғаулықты алмастырыңыз. Замените союзы.
10. Сурет бойынша сөйлем құраңыз. Составьте предложения по рисункам.
11. ТЫҢДАЛЫМ
1. Қысқа мәтіндерді тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. №4 аудиомәтін. Прослушайте мини-текст. Ответьте на вопросы.
2. Мәтінді тыңдаңыз. Осы адам туралы I жақта жазыңыз. Жіктік жалғауын жалғаңыз. Прослушайте текст. Напишите об этом человеке в I лице, используя личные окончания.
№5 аудиомәтін
(аты-жөні) Мен Мұрат Қаражігітовпін
(мекенжайы, қаласы) Мен .........................................
(жасы) Мен ..........................................................
(мамандығы) Мен ..............................................................
(отбасы жағдайы) Мен .........................................................
Практикалық тапсырмалардың жауаптары (I БӨЛІМ. 2-сабақ. МЕНІҢ ОТБАСЫМ ҮЛКЕН)