Жедел-криминалистикалық қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.
Функциялары:
- Ішкі істер органдарының тергеу және жедел-іздестіру жұмысына криминалистикалық құралдар мен әдістерді енгізу, қылмыстардың алдын алуда, ашуда және тергеуде оларды пайдалануды қамтамасыз ету.
- Қылмыстық сот өндірісін техникалық-криминалистикалық қамтамасыз ету, криминалистикалық есептерді қалыптастыру және жүргізу, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер, сондай-ақ жедел-іздестіру материалдары бойынша криминалистикалық зерттеулерді жүргізу жөніндегі жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асыру.
- Жедел-криминалистикалық қызметтің жұмысын ұйымдастыру.