ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Сембаев Ербол Қабыкешұлы

Сембаев Ербол Қабыкешұлы

 (1971-1994)

Сембаев Ербол Қабыкешұлы Павлодар облысының Баянауыл кентінде дүниеге келді. 1988 жылы ол мектеп бітірді. 1989 жылғы қарашада Қарулы күштер қатарына шақырылды, Германияда Отан алдындағы борышын өткергенен кейін туған ауылында жүргізуші, кейін «Экибастузуголь» кәсіподағында слесарь-жөндеуші болып жұмыс істеді. 1993 жылғы тамыз айында Сембаев Е.Қ. Екібастұз қалалық ішкі істер бөлімі МАИ бөлімшесінің жол-патрульдік қызметі моторландырылған взводының инспекторы лауазымына тағайындалды.

1994 жылғы 3 ақпанда Е.Қ. Сембаев Екібастұз қаласының жанындағы МАИ стационарлық постында қызмет атқарды. Сағат 13.40-та ол Ақмола облысынан келе жатқан «КамАЗ» автокөлігін тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде Е.Қ. Сембаев алкогольдің иісін сезіп, оған автобуспен ауруханаға барып, куәландырудан өтуді ұсынады. Аурухана бара жатқан жолда жүргізуші өз көлігінен шыққан кезде алдын ала жасырған пышағымен автобустың алдыңғы қатарында отырған Е.Қ. Сембаевтың арқасына асхана пышағын сұғып алады. Қылмыскер жасырынуға әрекет жасағанымен, милиция қызметкерлерінің құрығынан құтыла алмады. қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Автобус жүргізушісі жараланған Е.Қ. Сембаевты ауруханаға жеткізеді, бірақ ол сол жерде есін жия алмай қайтыс болады.

Қаза болған қызметкерлерді мәңгі есте сақтау мақсатында 2018 жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласының саябағында қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған мемориал ашылды.

Дата публикации
03 декабря 2020
Дата обновления
03 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы