ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қосжанов Амангелді Киниятұлы

ҚОСЖАНОВ АМАНГЕЛДІ КИНИЯТҰЛЫ

(1964-1999 жж.)

Полиция лейтенанты Қосжанов Амангелді Ақтөбе облысының Қобда ауданы Қиыл Кентінде туған. 1985 жылы әскерден келгеннен кейін аудандық комсомол комитетінің жолдамасы бойынша ішкі істер органдарына қабылданды. Мұнда ол еңбек еткен 14 жылда Мемлекеттік банк мекемелерін күзету жөніндегі взводтың қатардағы милиционерінен рота командирінің орынбасары лауазымына дейін жеткен.

1999 жылғы 5 тамызда кешкі 19.00. шамасында Ақтөбе қаласындағы Рысқұлов көшесінде орналасқан «Есетжан» дүкеніне қолында ұңғысына тұншықтырғыш орналастырылған тапаншасы бар, бетперде киген белгісіз қарақшы басып кіріп, сатушыдан күні бойғы жиналған ақшаны беруді талап еткен. Оны көрген сатушы Куракина көмек  сұрап айғайлап, қосымша үй-жайға тығылған. Оның айғайынан қорқып кеткен қылмыскер көшеге жүгіріп шыққан.  Жақын маңда өзінің машинасын жөндеп жатқан лейтенант Қосжанов   ретсіз оқ атып жатқан қылмыскердің жақын маңда ойнап жүрген балаларды өлтіруі мүмкін екенін ойлап, бұзақыға ешқандай қарусыз ұмтылған. Оған Қосжановтың жұмыстағы жолдасы көмекке ұмтылғанын байқаған қылмыскер 2 метр қашықтықтан Қосжановты кеудесінен атқан. Осыдан кейін оның бағынысты қызметкерін жеңіл жаралаған,  дереу келіп жеткен полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстап үлгерген. Қосжанов ауруханаға жеткізілген, бірақ жарақат ауыр болып, ол есін жинамастан қайтыс болған.

Өз қызметтік борышын жанқиярлық табандылықпен орындап, қарулы қылмыскерді қолға түсіруде қаза болған полиция лейтенанты А. Қосжанов Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 тамыздағы Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.  Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы А. Қосжановтың туған ауылы Қиылдағы  орта мектепке оның аты беріліп, мемориалдық тақта орнатылды жəне облыс орталығы – Ақтөбе қаласындағы көшеге қала əкімінің өкімімен полиция лейтенанты А. Қосжановтың есімі беріліп, мемориалдық тақта орнатылды.

Дата публикации
03 декабря 2020
Дата обновления
03 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы