
ИВАНОВ ВИКТОР СЕМЕНОВИЧ
(1962-1998 жж. )
Милиция майоры Виктор Семенович Иванов 1962 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1983 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарған. 1998 жылдың 28 мамырында Қарасай ауданы Каменка полиция бөлімінің кезекші бөліміне Каменка ауылының тұрғыны Мелдібеков деген азаматтың пəтеріне қарақшылық шабуыл жасау бойынша хабарлама түскен болатын. Кезекші инспектор, милиция капитаны В.С. Иванов хабарламаны қабылдап құрамында майор Ж.К. Омаров жəне капитан К. Демесінов тергеу-жедел топты басқарып оқиға орнына шығып кетті. Мелдібековтің үйінде қылмыскерлер милиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен. Нəтижесінде атыс болған жерде капитан В.С. Иванов қайтыс болды. Аға жедел уəкіл Ж. Омаров жəне К. Демесінов жарақаттар алды. Қызметкерлердің іс-əрекеттеріне байланысты қылмыскерлердің біреуі жарақат алып ұсталды.
Қаза болған Виктор Семенович Иванов атқарылған ерлігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен III дəрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Милиция майоры Ж.К. Омаров жəне милиция капитаны К. Демесінов «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.