
Құрметті азаматтар!
Ұлт жоспарының 31-қадамын іске асыру мақсатында Ішкі істер министрлігінде Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды және жұмыс істейді, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде аумақтық ішкі істер департаменттерінің жанында консультативтік-кеңесші органдар құрылды.
Олардың негізгі тапсырмалары полицияның ашықтығын, оның қызметіне қоғамдық бақылау орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға қоғамдық институттардың және халықтың қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
Олардың жұмысының негізгі бағыттарының бірі полицейлердің әдеп нормаларын бұзулары туралы азаматтардың арыздарын қарау болып табылады.
Осыған байланысты, егер Сіздер полиция қызметкерлері тарапынан өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде немесе қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды бұзуына куә болсаңыз немесе өздеріңіз осындай жағдайға ұшырасаңыз, Сіз аумақтық ішкі істер департаменттерінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға шағымдануға құқылысыз.
Сонымен қатар, Сіздер Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеске https://egov.kz/cms/kk платформасы бойынша «электрондық үкімет порталы» арқылы арыз жолдау жолымен жүгіне аласыздар.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің азаматтарды жеке қабылдауы айына екі рет: Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 1, мекенжай бойынша ІІМ-нің орталық ғимаратында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін, алдын ала 8(7172)72-26-69 телефоны арқылы жазылу бойынша жүзеге асырылады.