ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы академиясы 2020 жылғы 15 қазан

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қоғамов Марат Шекішұлымен кездесу.

2020 жылғы 14 қазанда қоғамдық мониторинг шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор,  Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ Ғылыми сараптама және талдау институтының директоры Қоғамов Марат Шекішұлы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына барды.

Жұмыс сапары барысында М.Ш. Қоғамов Академияның профессор-оқытушылар құрамымен, сондай-ақ докторанттармен, магистранттармен, алғашқы кәсіби даярлық курсанттарымен және тыңдаушыларымен  кездесті.

М.Ш. Қоғамов сөз сөйлеуінде өзі дайындаған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне түсіндірмелердің үшінші басылымын көрсетті, сондай-ақ ғылыми, заңнамалық және сараптамалық жұмыстағы жыйнаған жеке тәжірибесіне негізделе отырып жасалған диссертациялық зерттеу және ғылыми жұмыстардың ерекшеліктерін айтты.

Сондай-ақ жұмыс барысында ІІО-нің қызметін жаңғырту, құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау, ІІО-ның қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық қорғау жүйесі үшін кадрлар даярлау, ІІМ-нің ведомстволық білі беру ұйымдарының профессор-оқытушылар және ғылыми қызметкерлер құрамының біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.

 

Дата публикации
26 октября 2020
Дата обновления
26 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы