Азаматтық қорғау саласына мыналар жатады: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыру.
Функциялары:
- азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
- азаматтық қорғау саласындағы жоспарлауды қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілердің және стандарттардың жобаларын әзірлеу, бекіту және келісу;
- азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын әзірлеу;
- азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлеу;
- азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны бойынша ұсыныстар дайындау;
- республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені әзірлеу;
- төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын әзірлеу;
- азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өткен тыңдаушыларға берілетін бірыңғай үлгідегі сертификаттың нысанын әзірлеу;
- азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын әзірлеу;
- азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу;
- төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу;
- азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламаларын әзірлеу.
-