ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қылмыстық-атқару жүйесі

Қылмыстық-атқару жүйесi жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау саласында басшылықты жүзеге асырады.

Функциялары:

  • соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне орналастыруды ұйымдастырады;
  • мемлекетке жүктелген халықаралық шарттарға сәйкес нысандардың қауіпсіздігі мен күзетін қамтамасыз етеді;
  • сотталғандарды босатылуға дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін орындауды, сотталғандардың түзелу қорытындыларын бекіту бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының басқа құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасуды, олардың тұрмыстық және жұмыспен қамтамасыз етеді;
  • жазаны орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
  • сотталғандардың жалпы және кәсіптік білім алуын ұйымдастырады;
  • сотталғандардың еңбекпен қамтылуын ұйымдастырады;
  • қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
  • қылмыстардың анықталуын, жолын кесуді, алдын-алуды және ашылуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  • сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының, қылмыстық-атқару жүйесі органдарында және мекемелерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді қарайды, оларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
  • Комитеттің жұмыс бағыты бойынша ақпараттық және ақпараттық-талдау жүйесін құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
  • мемлекеттік құпияларды қорғауды, ішкі істер органдарындағы құпиялылық режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • төменгі бөліністердің үлгі ережелерін және қызметкерлері мен жұмыскерлерінің үлгі лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Төменгі бөліністердегі тиісті ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуін және бекітілуін, сондай-ақ оларды қызметкерлер мен жұмыскерлердің зерделеуін бақылауды жүзеге асырады;
  • мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде тартылған еңбекті нормалау жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасасады, басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің ғылыми-негізделген жүктеме нормативтерін әзірлеу үшін талап етілетін материалдар мен мәліметтерді дайындауды және оларды ұсынуды қамтамасыз етеді, әзірленген жүктеме нормативтерінің сапасына, сондай-ақ олардың негізділігіне және практикада қолдану мүмкіндігіне жауап береді;
  • ғылыми-негізделген нормативтерге сәйкес басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің нақты жүктемесіне талдау жүргізеді, оның негізінде олардың нормативтік штаттық санын анықтайды және оны қайта бөлу бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Дата публикации
05 сентября 2019
Дата обновления
05 сентября 2019
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы