ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Көші-қон қызметі

Көші-қон қызметі көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіруді және іске асыруды, көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды, сондай-ақ босқындар және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Функциялары:

  • шетелдік мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  • азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша арыздарын, өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды жүзеге асырады, олар бойынша шешімдер қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды әзірлейді;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынымы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, шекараны бұзушыларды шекаралық іздеу, қаруланған шабуылды тойтару немесе іргелес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына жаппай өтулері кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекара маңы аймағында (жолағында) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге қолжетімдігін шектейді немесе тыйым салады;
  • Министрліктің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік мекемесімен жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерді жеке есепке алуды жүргізеді;
  • босқын деп танылған адамға өз құзыреті шегінде шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға көмек көрсетеді;
  • босқын мәртебесін беру, ұзарту, айыру және тоқтату рәсімін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді;
  • пана іздеуші адамдар мен босқындардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша арыздары бойынша материалдарды қарайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жолдайды;
  • өз құзыреті шегінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады.

 

Дата публикации
05 сентября 2019
Дата обновления
18 марта 2025
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы