ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Енді интернеттегі алаяқтықты ашу бойынша ІІМ қабылдап жатқан шаралар

Енді интернеттегі алаяқтықты ашу бойынша ІІМ қабылдап жатқан шаралар туралы.

Осындай қылмыстардың көпшілігі шетелден жасалады, бұл оларды ашу процесін қиындатады. Егер онлайн-сату бойынша қажетті ақпаратты қазақстандық сайттардан алу мүмкін болса, онда басқалары бойынша халықаралық сұраныстар жіберу қажет.

Тиісінше, қажетті ақпаратты алу ұзақ уақытты алады.

IP-телефонияны пайдалану арқылы жасалатын алаяқтықтардың өсуіне байланысты, Цифрлық даму министрлігі және байланыс операторларымен бірлесіп, фрод-қоңырауларды бұғаттау бойынша техникалық шаралар әзірленді.

Бұл шара банк қызметкерлерінің атынан телефон алаяқтықтарын азайтуға мүмкіндік береді.

Егер өткен жылдың маусым айында осындай 573 алаяқтық тіркелген болса, желтоқсанда олардың саны 5 есеге, немесе 105 қылмысқа дейін азайды.

Қазір ұялы байланыс компаниялары алаяқтық қоңырауларды болдырмау үшін өз жүйелерін жетілдіруде.

Әрине, қылмыскерлер қорғаныс шараларын айналып өтіп, азаматтарды алдаудың жаңа жолдарын іздейді. Сондықтан ІІМ осы жұмысты болашақта жалғастырады.

Банктермен бірлесіп азаматтардың шоттарының сақтау және заңсыз кредиттерді ресімдеудің жолын кесу, оның ішінде полициямен жедел өзара іс-қимыл бойынша қосымша шаралар іске асырылуда.

Бүгінгі таңда алдын алудың ең тиімді шарасы ретінде азаматтардың ақпараттық және құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Сондықтан, ІІМ сақтық шаралары туралы халықты ақпараттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Өткен жылдың тамыз-қыркүйек айларында СМС-хабарламалар жіберілді.

Байланыс операторларымен фрод-қоңырауларға қарсы іс-қимыл туралы меморандумдар жасалды. Осындай келісімдерге "Колеса", "Крыша" сайттарымен және ЦАРКА IT-компаниясымен қол қойылды.

Барлық өңірлерде интернет-алаяқтықтарды тергеу бойынша мамандандырылған топтар құрылды және жұмыс істейді.

Атап айтқанда, елордада "Киберпол" пилоттық жобасы іске асырылды.

Негізгі назар басқа мемлекеттік органдармен, қаржы мекемелерімен және жеке сектормен өзара іс-қимылды күшейтуге аударылды.

Сондай-ақ, ІІМ кибер алаяқтықты ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды ұстау бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр.

Мәселен, өткен жылы жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижелері бойынша еліміздің бірқатар қалаларында азаматтардан ұрланған ақшаны, «дроп» деп аталатын ақшаны қолма-қол аударумен айналысқан 6 топтың қылмыстық әрекеті тоқтатылды.

Дата публикации
26 января 2023
Дата обновления
26 января 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2024 жылғы 2 қыркүйек
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2025 жылғы 8 қыркүйек
22 июля 2025
Өмірлік жағдайлар

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы