
Келесі кең таралған әдіс-банк қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының атынан телефон қоңырауларың жасау.
Көрсетілген тәсілмен 2022 жылы 3 500-ден астам алаяқтық жасалды.
Осындай жағдайларда алаяқтар абоненттік нөмірді ауыстыру үшін арнайы қызметтерді белсенді пайдаланады.
Яғни, орнатылған бағдарлама арқылы абоненттік нөмір басқасына өзгереді.
Алаяқтар шоттағы күдікті операциялар немесе несие рәсімдеу әрекеті және Банк қызметкерлерін ұстау бойынша жүргізіліп жатқан арнайы операциялар туралы хабарлайды.
Ақшаны сақтау үшін азаматтарды, олардың шоттарында немесе депозиттеріндегі ақшаны қауіпсіз "сақтандыру" шотына аударуға көндіреді.
3 мың жағдайда азаматтарға банктер мен микрокредиттік ұйымдарда онлайн-қарыздар ресімделді. Осындай жағдайларда әлеуметтік инженерия әдістері қолданылды.
Азаматтар алаяқтардың сенімімен, олардың нұсқаулары бойынша телефондарына қашықтан басқаруға арналған қосымшалар орнатқан, сондай-ақ банктерден келіп түскен СМС-хабарлама кодтарын хабарлаған.
Осылайша, алаяқтар мен азаматтардың өздері банктер қолданатын барлық қауіпсіздік шараларын айналып өтеді.
Кейбір жағдайларда мүлік (пәтер, автокөлік) кепілге қойылып немесе сатылып, түскен ақша алаяқтардың шоттарына кетті.
Банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді хабарлауды сұрамайтынын және телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді.