

Белинский Анатолий Никитович
(1948-1977)
Анатолий Никитович 1948 жылы Целиноград облысы (қазіргі –Ақмола облысы) Атбасар ауданы Поповка ауылында дүниеге келген.
Ішкі істер органындағы қызметі 1972 жылдан басталды. 5 жылдық қызмет барысында өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман ретінде көрсете алды.
Белинский Анатолий Никитович қызметінің соңғы жылдарында Целиноград облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасының жол қадағалау бөлімінің инспекторы, милиция старшинасы болып қызмет етті. Қызметтік жұмысы барысында қылмыскерді ұстау кезінде автомашинамен соқтығысып қайтыс болды.