

УРЛАХЕР ЭМИЛЬ
(1949-1972)
Урлахер Эмиль 1949 жылы Кострома облысының Макарьев қаласында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарына 1970 жылы Кеңес әскері қатарынан босатылғаннан кейін орналасқан. Ол тек екі жыл ғана милицияда қызмет атқарған. 1972 жылы 18 тамызда Атбасар АІІБ ведомстводан тыс күзет бөлімшесінің командирі милиция сержанты Э. Урлахер қызметтік міндеттерін орындау кезінде қылмыскердің алдын ала соққысынан қаза тапқан.
Қазақ КСР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Урлахер Эмильдің есімі Целиноград облысы Атбасар аудандық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімі жеке құрамының тізіміне мәңгі енгізілді. Атбасар қаласындағы көшелердің бірі оның есімімен аталады.