

СЕМБАЕВ ҚАЛҚАМАН ШӨКЕБАЙҰЛЫ
(1958-1982)
1982 жылдың 22 қыркүйегінде Атбасар ауданы, Мариновский совхозының учаскелік милиция инспекторы Қалқаман Сембаевқа азаматша Т.Қосенбаева өзінің күйеуіне қатысты арызданған. Ол отбасына қоқан-лоқы көрсетіп, оны баласымен үйінен қуып шыққан және қарумен қорқытқан күйеуіне қатысты мән-жайды талқылауды сұраған.
Сембаев арызданған әйелмен бірге Қосенбаевтардың үйіне барған. Өзін таныстырған және бұзақының құжаттарын тексерген, содан кейін оған қаруын және оны сақтауға рұқсатын көрсетуді сұраған. Бұзақы көрсетуден бас тартқан, осыған байланысты учаскелік инспектор қаруды тәркілеу туралы шешім шығарған. Жанжал шығарушы ашулы түрде қарсылық білдірген. Алайда милиция инспекторы осы жекпе-жекте жеңіске жетті. Дегенмен бұл милиция инспекторының өміріндегі соңғы жеңісі болды. Ол үйден қаруды алып шыққан. Осы сәтте Ж. Қосенбаев үйінен басқа қаруды алып шығып, инспектор тұрған жаққа оқ жаудырған. Ал милиционердің қасында бұзақының әйелі қолындағы баласымен тұрған. Қалқаман Сембаев әйел мен бүлдіршіннің алдын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты.
Милиция лейтенанты Қ.Ш Сембаевтың ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі, әрі оның есімі мәңгі өшпесі хақ.