Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесі мен көлемдерін бекіту туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
16-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін: 
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесі мен көлемдері;
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде жолдау;
          2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
      3) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң және норма щығармашылық үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
3. «Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың және көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемдерін, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы» ІІМ 2024 жылғы 
28 тамыздағы №658 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты                          Е.Саденов
 
 
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
 
 
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестік қорғау және дамыту 
агентігінің төрағасы
 
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесі мен көлемдерін бекіту туралы
Дата публикации
20 марта 2026