БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
10-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) үш жастан он сегіз жасқа дейін қадағалаусыз және қараусыз қалған балаларды, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметі барысында ұсталған ата-ананың немесе заңды өкілдерінің қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытша орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ерекше режимде ұсталатын білім беру ұйымдарына, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан әрі – КТБО) және Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарына (бұдан әрі –БҚО) жеткізеді;»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«14-1) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес осы Қадидалардың 2-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорғау нұсқамасын шығарады;»;
23-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құқыққа қайшы мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау бойынша;»;
24-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кәмелетке толмағанды ата-анасына немесе заңды өкілдеріне беру мүмкін болмаған жағдайда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды КТБО-ға, БҚО-ға орналастыру туралы қаулы шығарады.»;
25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Актінің бірінші данасы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ІІО ақпараттарды есепке алу кітабында тіркеледі, екіншісі КТБО-ға, БҚО-ға не өзге білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жіберіледі және үшіншісі номенклатуралық іске тігіледі.»;
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Профилактикалық есеп және бақылау:
1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;
2) қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын теріс қылықтар жасаған;
3) оларға қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалған, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда айыпталушы немесе күдікті;
4) оларға қатысты бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;
5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен босатылған;
6) арнайы білім беру ұйымдарының және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының түлектеріне;
7) қорғау нұсқамасы шығарылған;
8) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза немесе қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шаралары қолданылған;
9) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталған және тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, сотпен жазадан босатылған;
10) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12)-тармақтары немесе 36-бабы негізінде, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылған;
11) адамның психикалық және тәндік функциялары мен мінез-құлқына теріс әсер ететін алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді және өзге де күшті әсер ететін заттарды шамадан тыс пайдаланатын;
12) қадағалаусыз және панасыз қалған;
13) психикалық бұзылумен байланысты емес, психикалық дамуы артта қалуы салдарынан қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын қылмыстық белгілерді қамтитын әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылады.
Сондай-ақ профилактикалық есепке алу және бақылау кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты қолданылады.
28. Профилактикалық есепке алуды жүргізу осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша профилактика жүргізілетін адамдар санатымен айқындалады.
Профилактикалық есепке қойған кезде кәмелетке толмағанға, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарына, заңды өкілдеріне оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығы түсіндіріледі.
Профилактикалық есепке алуда қамтылған мәліметтер құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
Кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарды, заңды өкілдерді профилактикалық есепке алу тұлғаның жеке ерекшеліктері, оның қоғамға жат мінез-құлқының сипаты мен дәрежесі, ол жасаған іс-әрекеттің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) қауіптілігі ескеріле отырып ішкі істер органы басшысының немесе оның орынбасарының шешімімен ұзартылады.
30, 31 және 32- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Кәмелетке толмағандарға қатысты профилактикалық бақылау осы Қағидаларға 11-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке профилактикалық жұмыс жоспарына (бұдан әрі — Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау жөніндегі міндеттерін орындамайтын не тиісінше орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарға немесе заңды өкілдерге қатысты профилактикалық бақылау осы Қағидаларға 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке профилактикалық жұмыстың жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жоспарлар профилактикалық есепке қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде жасалады және ішкі істер органы бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.
Профилактикалық есепте тұрған адамдармен жүргізілетін жеке профилактикалық жұмыстың барысын бақылауды ішкі істер органы бастығының орынбасары (қызметі бойынша) жүзеге асырады, ол профилактикалық бақылауды жүргізілуін тоқсан сайын тексереді.
31. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген әрбір адамға, 27-тармағының 1) тармақшаны қоспағанда, осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларға қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдарға жинақтау ісі басталады.
Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдар туралы мәліметтер оларды ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қоюға негіз болып табылатын материалдар түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интеграцияланған деректер банкіне (бұдан әрі — ІІМ ИДБ) енгізіледі.
32. Кәмелетке толмаған ІІО-ға бірнеше санат бойынша қойылуға жатқызылған жағдайларда, КТІ УПИ оларды есепке алуды анағұрлым маңызды санат бойынша жүзеге асырады. Санаттың маңыздылығы осы Қағидалардың 27-тармағының иерархияларына сәйкес айқындалады.»;
34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Осы Қағидалардың 27-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11)-тармақшаларында көрсетілген адамдарды ІІО есебіне қойғаннан кейін үш тәулік ішінде, ІІО кеңсесі арқылы криминалдық полиция бөліністеріне жедел бақылауды қамтамасыз ету үшін осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қойылғаны туралы баянаттың көшірмесі, шолу анықтама жолданады.»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 6-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 7-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 10-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
қағидаларға 11-қосымша алып тасталсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 11-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 12-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 13-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13373 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. БДБ-ға сатып алынған жол жүру билеттері (теміржол, авиа-билеттер) бойынша ақпаратты жүктеу кезінде және «Бастамашылық сұрау салулар» БДБ-ның кіші жүйесімен «Есептегі элемент» БДБ-ның: «234-ББАО-дан босатылғаннан кейін таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген әкімшілік қадағалау орнатылған адам», «235- ББАО-дан босатылғаннан кейін таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам» санаттары бойынша есепте тұрған адамдарға сәйкестіктер анықталады.»;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қағидаға 4-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов