«Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы
28 наурыздағы № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20224 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) «Күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішнде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету» қызметтің кіші түрі бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жалдап пайдалану жағдайларында орталықтандырылған күзет пунктін орналастыру үшін офистік үй-жайдың болуын растайтын құжаттар;
орталықтандырылған бақылау пультінің болуын растайтын құжаттар:
- орталықтандырылған бақылау пульті қызметкерлерінің болуы туралы штаттық орналастыру және бұйрық (тар);
- күзетілетін объектілерде орнатылған қабылдау-бақылау аспаптарынан сигналдарды қабылдауды жүзеге асыратын компьютерлік техникаға және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ күзетілетін объектілерден деректерді сақтауға арналған меншікті қорғалған серверге техникалық құжаттама (түгендеу нөмірлері, жүкқұжаттар, фискалдық чектер немесе басқа құжаттар);
радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат не жиілігі бар радиобайланыстарға абоненттік қызмет көрсетуге (жалға алу) арналған шарт;
штаттық орналастыру және кемінде екі мобильді топтарды (жедел ден қою тобын) құру және тиісті қызметкерлерді лауазымға тағайындау туралы бұйрық (тар);
мобильді топтардың (жедел ден қою топтарының) жүріп-тұруына арналған меншік құқығындағы кемінде екі көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері;
2) «террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді қоспағанда, күзет қызметтерінің барлық түрі» қызметтің кіші түрі бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге барлық кіші түрлері бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
4) ұлттық компанияның күзет ұйымын құру үшін 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген құжаттардан басқа қосымша:
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға, оның ішінде қызметтің жарғылық түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге монополияға қарсы органның алдын ала келісімін растайтын құжат;
«Ұлттық компанияларға күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 863 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35303 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларының 3-тармағына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттар;
объектілердің (атауы, орналасқан орны), оның ішінде құрылатын күзет ұйымдарының күзетіне тапсырылуға жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесі ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының жоғарғы заңгерлік білімі туралы (Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғарғы заңгерлік білімді растайтын құжаттың (диплом) электрондық көшірмесі талап етіледі), соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан (медициналық анықтамалар), меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы, лицензиялық алымның, оның ішінде лицензияны қайта ресімдегені үшін төленгені туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
»;
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында осы санаттағы субъектілер үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысуы;
3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша жолдамауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
8) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
9) заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері санатына сәйкес келмеуі;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл желісі бойынша жеке басын сипаттайтын, лицензия беру туралы шешім қабылдауға әсер ететін ішкі істер органдарынан сұрау салулар шеңберінде алынған деректер бар;
11) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
12) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
».
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Лауазымы Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

Бұйрық
Дата публикации
12 марта 2026