Күзет дабылы құралдарын күзет қызметімен, монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілердің және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметімен есептілікті ұсыну нысаны мен кезеңділігін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы Заңға сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Күзет қызметімен, монтаждаумен, баптаумен және күзет дабылы құралдарына техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілердің және
жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметімен есептілікті ұсыну нысаны мен кезеңділігі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14. 15 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 дейін 1, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14. 15 қосымшаларға сәйкес электрондық пошта арқылы күзет қызметін бақылаудың аумақтық бөлімшесіне электронды түрде есептік мәліметтерді ұсынады.
3. Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін жүзеге асыратын субъектілер тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 дейін 3, 7, 10 қосымшаларға сәйкес электрондық пошта арқылы күзет қызметін бақылау жөніндегі аумақтық бөлімшеге электронды түрде есептік мәліметтерді ұсынады.
4. Монтаждау, баптау және күзет дабылы құралдарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 дейін 2, 4 қосымшаларға сәйкес электрондық пошта арқылы күзет қызметін бақылау жөніндегі аумақтық бөлімшеге электронды түрде есептік мәліметтер ұсынады.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң және норма шығармашылық үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Лауазымы Аты-жөні, тегі

 

Бұйрық
Дата публикации
11 марта 2026