БҰЙЫРАМЫН:
1. «Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет дабылдары құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17655 тіркелген) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары:
мынадай мазмұндағы 1.1-тармақшамен толықтырылсын:
«
1.1 Жеке күзет ұйымының уәкілетті органның аумақтық құрылымдық бөлімшесіне өз қызметін тоқтата тұру (қайта бастау) немесе заңды тұлға тіркелген жерден тыс жерде күзет қызметтерін көрсету туралы хабарламаны бес жұмыс күні ішінде ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы. Өрескел
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу үшін күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 реттік нөмірлі жол мынадай мазмұнда жазылсын:
«
1 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерде, жоғары заң білімінің Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдардағы басшылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болмауы. Елеулі
2 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкер Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды. Өрескел
3 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерде арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткендігі туралы куәліктің болмауы. Елеулі
4 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерде арнайы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы куәліктің болмауы. Елеулі
5 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам болып табылады. Өрескел
6 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адам болып табылады. Өрескел
7 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылады:
1) рақымшылық жасау актiсiнің салдарынан, егер ол жасалған әрекеттері үшiн жазаны қолдануды жойса;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
3) егер iс бойынша іс жүргізу оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттердi есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамға қатысты болса;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
5) шынайы өкiнуiне байланысты, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде, татуласуға байланысты, кепiлгерліктің белгіленуіне байланысты, жағдайдың өзгеруiне байланысты, ескіру мерзімінің өтуiне байланысты, ауруға шалдығуына байланысты, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде;
6) егер мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартуды мәлімдесе. Өрескел
8 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылады:
1) рақымшылық жасау актiсiнің салдарынан, егер ол жасалған әрекеттері үшiн жазаны қолдануды жойса;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
3) егер iс бойынша іс жүргізу оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттердi есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамға қатысты болса;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
5) шынайы өкiнуiне байланысты, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде, татуласуға байланысты, кепiлгерліктің белгіленуіне байланысты, жағдайдың өзгеруiне байланысты, ескіру мерзімінің өтуiне байланысты, ауруға шалдығуына байланысты, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде;
6) егер мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартуды мәлімдесе. Өрескел
9 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде мынадай әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған: террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау; ұсақ бұзақылық; пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану; арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат; алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу; қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау; көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну; бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату; мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау; тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру; лицензиялау нормаларын бұзу; күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу; Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзу; төтенше жағдай режимiн бұзу; терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында құқықтық режимді бұзу; төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер; құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау; қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру; жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы; азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу; азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу; қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану; азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу; азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшiн тапсырудан жалтару; Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу; Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру; Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу; паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау; жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну; Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу; мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген талаптарды бұзу; күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру; сотты құрметтемеушілік; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы; куәнiң айғақтар беруден бас тартуы немесе жалтаруы; куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе көрінеу дұрыс емес аударма; прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу; құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау; сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау; сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау; сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергi келтiру; айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану). Өрескел
10 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жұмыстан босатылған. Өрескел
11 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысымен немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерімен кемінде үш жыл бұрын осыған ұқсас лауазымды немесе жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымын атқарған кезеңде мынадай негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған:
1) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
2) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
3) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
4) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
5) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
6) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
7) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған. Өрескел
»;
30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40 реттік нөмірлі жол мынадай мазмұнда жазылсын:
«
30 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерінде жоғары заң білімінің немесе Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдардағы басшылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болмауы. Елеулі
31 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды. Өрескел
32 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерінде арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткендігі туралы куәліктің болмауы. Елеулі
33 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерінде арнайы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы куәліктің болмауы. Елеулі
34 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам болып табылады. Өрескел
35 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адам болып табылады. Өрескел
36 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылады:
1) рақымшылық жасау актiсiнің салдарынан, егер ол жасалған әрекеттері үшiн жазаны қолдануды жойса;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
3) егер iс бойынша іс жүргізу оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттердi есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамға қатысты болса;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
5) шынайы өкiнуiне байланысты, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде, татуласуға байланысты, кепiлгерліктің белгіленуіне байланысты, жағдайдың өзгеруiне байланысты, ескіру мерзімінің өтуiне байланысты, ауруға шалдығуына байланысты, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде;
6) егер мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартуды мәлімдесе. Өрескел
37 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылады:
1) рақымшылық жасау актiсiнің салдарынан, егер ол жасалған әрекеттері үшiн жазаны қолдануды жойса;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
3) егер iс бойынша іс жүргізу оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттердi есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамға қатысты болса;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
5) шынайы өкiнуiне байланысты, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде, татуласуға байланысты, кепiлгерліктің белгіленуіне байланысты, жағдайдың өзгеруiне байланысты, ескіру мерзімінің өтуiне байланысты, ауруға шалдығуына байланысты, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде;
6) егер мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартуды мәлімдесе. Өрескел
38 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде мынадай әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған: террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау; ұсақ бұзақылық; пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану; арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат; алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу; қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау; көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну; бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату; мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау; тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру; лицензиялау нормаларын бұзу; күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу; Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзу; төтенше жағдай режимiн бұзу; терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында құқықтық режимді бұзу; төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер; құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау; қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру; жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы; азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу; азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу; қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану; азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу; азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшiн тапсырудан жалтару; Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу; Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру; Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу; паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау; жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну; Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу; мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген талаптарды бұзу; күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру; сотты құрметтемеушілік; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы; куәнiң айғақтар беруден бас тартуы немесе жалтаруы; куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе көрінеу дұрыс емес аударма; прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу; құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау; сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау; сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау; сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергi келтiру; айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану). Өрескел
39 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жұмыстан босатылған. Өрескел
40 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысымен немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерімен кемінде үш жыл бұрын осыған ұқсас лауазымды немесе жеке күзет ұйымының күзетшісілауазымын атқарған кезеңде мынадай негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған:
1) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
2) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
3) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
4) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
5) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
6) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
7) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған. Өрескел
»;
1-бөлімде, 3-кіші бөлімі және 29-жолды жойылсын.;
2-бөлімде, 3-кіші бөлімі және 58-жолды жойылсын.;
бірлескен бұйрыққа 2-қосымшада, көрсетілген бұйрықпен бекітілген күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағында:
екінші абзац, «тексеруді тағайындаған» сөзі алдында «Талаптарға сәйкестігіне» сөзімен толықтырылсын.;
3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 реттік нөмірлі жол мынадай мазмұнда жазылсын:
«
3 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерінде жоғары заң білімінің немесе Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдардағы басшылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
4 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
5 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерінде арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткендігі туралы куәліктің болуы.
6 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерінде арнайы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы куәліктің болуы.
7 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам болып табылмайды.
8 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адам болып табылмайды.
9 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылмайды:
1) рақымшылық жасау актiсiнің салдарынан, егер ол жасалған әрекеттері үшiн жазаны қолдануды жойса;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
3) егер iс бойынша іс жүргізу оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда,қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттердi есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамға қатысты болса;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
5) шынайы өкiнуiне байланысты, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде, татуласуға байланысты, кепiлгерліктің белгіленуіне байланысты, жағдайдың өзгеруiне байланысты, ескіру мерзімінің өтуiне байланысты, ауруға шалдығуына байланысты, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде;
6) егер мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартуды мәлімдесе.
10 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылмайды:
1) рақымшылық жасау актiсiнің салдарынан, егер ол жасалған әрекеттері үшiн жазаны қолдануды жойса;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
3) егер iс бойынша іс жүргізу оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттердi есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамға қатысты болса;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
5) шынайы өкiнуiне байланысты, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде, татуласуға байланысты, кепiлгерліктің белгіленуіне байланысты, жағдайдың өзгеруiне байланысты, ескіру мерзімінің өтуiне байланысты, ауруға шалдығуына байланысты, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде;
6) егер мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартуды мәлімдесе.
11 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде мынадай әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған:террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау; ұсақ бұзақылық; пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану; арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат; алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу; қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау; көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну; бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату; мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау; тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру; лицензиялау нормаларын бұзу; күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу; Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзу; төтенше жағдай режимiн бұзу; терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында құқықтық режимді бұзу; төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер; құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау; қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру; жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы; азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу; азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу; қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану; азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу; азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшiн тапсырудан жалтару; Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу; Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру; Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу; паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау; жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну; Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу; мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген талаптарды бұзу; күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру; сотты құрметтемеушілік; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы; куәнiң айғақтар беруден бас тартуы немесе жалтаруы; куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе көрінеу дұрыс емес аударма; прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу; құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау; сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау; сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау; сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды орындауға кедергi келтiру; айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану).
12 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысы немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкері кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жұмыстан босатылмаған.
13 Жеке күзет ұйымы (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысымен немесе күзет қызметіне тартылған өзге де басшы қызметкерімен кемінде үш жыл бұрын осыған ұқсас лауазымды немесе жеке күзет ұйымының күзетшісілауазымын атқарған кезеңде мынадай негіздер бойынша еңбек шарты бұзылмаған:
1) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
2) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
3) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
4) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған
(оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
5) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
6) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
7) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған.
»;
3-бөлім және 31 жол жойылсын.;
бірлескен бұйрыққа 5-қосымшада, көрсетілген бұйрықпен бекітілген күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағында:
екінші абзац, «Тексеруді» сөзін және «/» бөлшек белгісі жойылсын.;
Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1)
және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Заң және норма шығармашылық үйлестіру департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
____________ Е.С. Саденов Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
_______________ С.М. Жұманғарин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті