«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект;»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті алушы «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»
10-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бір жұмыс күнінің ішінде азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасына сынау зертханасының басшысы қол қояды, азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасын тіркеу үшін кеңсеге береді және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» цифрлық жүйесіне азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды берілгені туралы мәлімет енгізеді. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау хаттамасының электрондық көшірмесін қоса отырып, сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сынау объектілерін қайтару орнын көрсете отырып хабарлама жолдайды;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының
11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылығын үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

Жазбаша түсіндірме
Дата публикации
02 марта 2026