БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 237 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №162 «Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18438 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң және норма шығармашылық үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
___________Е.Саденов
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
________А. Шаққалиев